Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2557 0 пікір 13 Қаңтар, 2012 сағат 13:25

Қазақстан сайлауға халықаралық байқаушылардың белсенді қатысуын құптайды

Қазақстан сайлауға халықаралық байқаушылардың белсенді қатысуын құптайды, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Саудабаев жұмада ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының құрметті президенті, ҚР кезектен тыс парламенттік сайлаудағы ЕҚЫҰ ПА бақылаушылар миссиясының басшысы Жоао Соарешті қабылдады.

Қазақстан сайлауға халықаралық байқаушылардың белсенді қатысуын құптайды, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Саудабаев жұмада ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының құрметті президенті, ҚР кезектен тыс парламенттік сайлаудағы ЕҚЫҰ ПА бақылаушылар миссиясының басшысы Жоао Соарешті қабылдады.

Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ-ның, әсіресе Қазақстанның осы мәртебелі халықаралық ұйымға төрағалығы кезеңіндегі сындарлы және жемісті ынтымақтастығын атап өтіп, Мемлекеттік хатшы Жоао Соарешке алдағы сайлауды бақылау жөніндегі ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы жедел күшейтілген миссиясы үшін алғыс айтты.

«Сайлау қарсаңында Қазақстан өзінің 20 жылдығын әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуындағы, адамның басты құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде орасан жетістіктермен атап өтті.  Қазақстандық қоғамда, біздің мемлекетіміздің басшысы алдағы сайлауалды науқанды ашық, әділ және таза өткізуге үлкен мән береді. Кезектен тыс парламенттік сайлау тағы да еліміздің үдемелі демократиялық дамуының қайталанбас анық дәлелінің біріне айналады», - деп атап өтті Қ. Саудабаев. - Сондықтан да біз сайлауға халықаралық бақылаушылардың барынша кеңінен және белсенді қатысуларын құптаймыз, олардың жұмысы үшін барлық қажетті жағдайды жасаймыз. Өз кезегінде, алдағы сайлауға баға беруде олардың кәсіби біліктілігіне, әділдігі мен бейтараптылығына сенім артамыз».

Осы күні Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы миссиясының басшысы Эльза Пападимитриуды, ЕҚЫҰ демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі Бюросы миссиясының басшысы Миклош Харастиді, ТМД Атқару комитеті Төрағасының бірінші орынбасары, ҚР кезектен тыс парламенттік сайлауды бақылау жөніндегі ТМД миссиясының басшысы Владимир Гаркунды қабылдады.

АСТАНА, 13 қаң - Қазақстан жаңалықтары АА.

newskaz.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608