Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 5116 0 пікір 15 Қаңтар, 2012 сағат 08:27

Ж. ДАРХАНБАЕВ, А. ҚҰРМАНАЛИЕВА. Қазақстандағы діни ахуал: дін және мемлекет қатынастары

Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған саяси-экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастарында бір өзгерістер орын алып, бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты. Мемлекет халықсыз болмайды, халықсыз билік болмайды, ал дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы және мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар екенін ескерелік.

Көптеген этникалық топтар мен діни сенімдерден құралған біздің қоғамымыздағы өтпелі кезеңде дін мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамсыздандырудағы рөлі, өндіруші күш болып табылатын халықты ұйымдастыру құдыреті, мемлекетіміздің халықаралық қатынастардағы салмағы және еліміздің болашағы мен баяндылығына тікелей әсер ете, анық көрініс берді. Мемлекет ешқашан дінсіз өмір сүрген емес, мемлекеттің дін мен бірге өмір сүретіні, мемлекет пен діннің арақатынаста болуы, сонымен қатар, мемлекет өз аумағында дінге қатысты заңдық күші бар заңнамалық-құжаттары мен заңды қабылдап, оны іс-жүзіне асыратыны белгілі.

Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған саяси-экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастарында бір өзгерістер орын алып, бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты. Мемлекет халықсыз болмайды, халықсыз билік болмайды, ал дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы және мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар екенін ескерелік.

Көптеген этникалық топтар мен діни сенімдерден құралған біздің қоғамымыздағы өтпелі кезеңде дін мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамсыздандырудағы рөлі, өндіруші күш болып табылатын халықты ұйымдастыру құдыреті, мемлекетіміздің халықаралық қатынастардағы салмағы және еліміздің болашағы мен баяндылығына тікелей әсер ете, анық көрініс берді. Мемлекет ешқашан дінсіз өмір сүрген емес, мемлекеттің дін мен бірге өмір сүретіні, мемлекет пен діннің арақатынаста болуы, сонымен қатар, мемлекет өз аумағында дінге қатысты заңдық күші бар заңнамалық-құжаттары мен заңды қабылдап, оны іс-жүзіне асыратыны белгілі.

Қазақстанда соңғы он жылда қалыптасқан жаңа қоғамдық-саяси ахуалдың көріністеріне назар салсақ, қоғамдағы дін мен діни бірлестіктердің рөлі өзгерді, яғни дін мен діни бірлестіктердің қоғамдық беделі және қоғамдық өмірдің әр түрлі тұстарына ықпалы айтарлықтай өсіп, мәртебесі кеңейді. Қысқа мерзім ішінде дінге сенушілердің және діни бірлестіктердің саны бірнеше есеге артып, қоғамда олардың қызметінің саны бірнешеге артып, қоғамда олардың қызметінің белсенділігі жоғарылады, қазақстандық қоғамның әлеуметтік құрылымының маңызды бөлігіне айналды, мемлекеттік конфессиялық қатынастардың сипаты өзгерді.

Мемлекет - дін қатынастарының күрделілігі мен маңыздылығын түсіну үшін алдымен еліміздегі діни ахуалға шолу жасайық.

Елімізде негізінен басты екі дін бар десек болады. Олар - ислам және христиандық. Ислам дінін ұстанушылар халық санының шамамен 67-70 пайызын құрайтын 24 этникалық топтар бар. Республикамыздың 63 пайызы қазақтар және оларға қоса ұйғыр, татар, өзбек, түрік, дүнген, шешен, әзірбайжан, башқұрт, ингуш, балқар қатарлы бауырлас халықтар түгелдей ислам дінін және оның ішіндегі суннит жолын ұстанады. Бүгінге дейін көп білінбейтін шиғалар, әсіресе IV Кәрім Аға Ханның 1936 жылы елімізге жасаған сапарлары және «Халықаралық тау университетінің» Қазақстан бөлімшесінің ашылуы арқасында соңғы жылдары елімізде үгіт-нәсихаттарын күшейте түсуде. 2004 жылдың басындағы деректерге қарағанда елімізде 1648 мұсылман діни бірлестігі және 1534 мешіт жұмыс істейді. Ал қазіргі таңда Қазақстан аумағында 2300-ден аса мешіттер жұмыс істеуде. Осы арада ислам дінінің Қазақстанның негізгі дін екенін және халқымыздыңтарихында үйлестіруші, ұйымдастырушы және біріктіруші күш ретінде ең маңызды орын алғанын атап өтуіміз қажет.

Қазақстандағы екінші орынды дін христиандықтың бүгінгі ахуалы исламмен салыстырғанда тым күрделілеу көрінеді. Біздегі христиандық (мәсіхшілдік) алуан түрлі конфессиялар мен секталардан құралған және бір діни орталыққа бағынбайтын бытыраңқы көрініс сияқты. Христиандардың басым көпшілігі славяндық православие бағытында. Қазақстандағы православие шіркеуі тікелей Мәскеу Патриархтығына және Қасиетті Синодына бағынатын митрополиттік деңгейдегі бөлім екені белгілі.

Христиандардың еліміздегі екінші тармағы католицизмдіұстанатын шағын топ. Олардың өзі екі топқа бөлінеді: Рим католик шіркеуі және Грек католик шіркеуі. Бұл екі шіркеу негізінен Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында белсенді жұмыс істеуде. Республика көлемінде жамағаттардың саны 38, діни бірлестіктер 80 мөлшерінде. Сонымен қатар католиктердің Қарағанды, Астана, Павлодар қалаларында діни оқу орындары мен басылымдары бар екенін айта кетелік.

Христиандардың саны аз болғанымен ең көп тармаққа бөлінген тобы - протестанттар. Қазақстандағы ең басты протестант шіркеулері Евангелиялық христиан-баптистер, жетінші күннің Адвентистері және Лютерандар. Еліміздегі баптистердің саны 10-15 мың адам, дегенмен олардың жамағаттарының саны 300 мөлшерінде. Кейбір баптист топтардың ресми органдарда тіркеуден бас тартып келе жатқанын да ескерген жөн болар. Лютерандардың орталығы Астана қаласында орналасқан, 70-тей діни жамағаттары бар, негізінен немістер арасында көп таралған [1].

Жалпылама саяси тұрғыдан алып қарағанда, Кенестік империя құлағаннан бері, қазіргі заманғы Қазақстан он тоғыз жылдан астам егеменді, тәуелсіз, зайырлы мемлекет ретінде ғұмырын жалғастыруда. Еліміздегі діни бірлестіктер ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты нығайтуға үлес қосады. Қазақстанда қазіргі діни ахуал күрделі әрі сан-салалы. Кейбір деректер бойынша, 1989 ж. 30 конфессияға тиесілі 700-ге жуық діни бірлестіктер болса, 2008 жылы Қазақстанда 46 конфессияға тиесілі 4000-нан аса діни бірлестіктер жұмыс істеген. Ал дәл осы қазіргі таңда Қазақстанда 4551 діни бірлестіктер бар (салыстыра кетсек: 1990 жылдары олардың саны небәрі 670 болатын). Олардың арасында 2337 исламдық, Қазақстанның аумағында православтық шіркеуге жататын 281 діни бірлестік, олардың 230 орыс православие шіркеуі, 7 старообрядтық шіркеу, римдік-католиктік шіркеуінің 82 бірлестігі, 1189 протестанттық бірлестіктері жұмыс істейді. Қазіргі Қазақстандағы дәтүрлі емес діни қауымдарға төмендегілер енеді: 5 буддистік қауым, 24 индуистік, 12 кришнаиттік, 23 Бахай, 2 трансцендентальдық медитация қауымы. Ұлы Ақ Бауырластық 2 қауымы, 6 саентология шіркеуі қауымы және т.б.

Елімізде шетел миссионерлері жұмыс істейді, атап айтатын болсақ 8 мұсылмандық, 33 православтық, 172 католиктік, 133 протестанттық. Кейінгі уақытта католик, протестанттық және дәстүрлі емес діни құрылымдар өз қызметтерін белсенді түрде жүргізуде. «Йогова күәгерлері» бірлестігінің миссионерлік қызметі ерекше қарқын алуда. «Йогова күәгерлері» Қазақстандағы сан жағынан өсіп келе жатқан конфессия болып отыр.

«Йогова күәгерлері» діни орталығы Есік қаласында орналасқан. Йогова күәгерлерінің 79 діни бірлестіктері әділет органдарында ресми тіркелген және 30-дан аса жергілікті қауымдары бар. «Йогова күәгерлері» саны 20 мыңға жуық. 1999 жылы діни бірлестіктердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатымен Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығы құрылды. Бұл қауымдастық 200-ге жуық діни бірлестіктерді біріктіреді.

Сонымен қатар, мемлекетімізде протестантизмнің жаңа апостолдық шіркеулері, елушілер, методизм, меннонизм, ХХ ғасырдың басында АҚШ-та құрылған. Бұл ағымның ең ірі қауымдары Қарағанды және Алматы қалаларында орналасқан. Апостолдар рухындағы Евангелшіл христиандар өз жұмысын белсенді жүргізуде. Қазіргі кезде 3 мыңға жуық адамды біріктіретін 40 қауымдары бар. Пресветериандық ағым елімізде американдық, оңтүстік кореялық уағыздаушылардың миссионерлік қызметі нәтижесінде таралып жатыр. Американдық және корейлік уағыздаушыларға шет елдегі діни орталықтар көмек көрсетуде. Елімізде 20-дан аса пресветериан бірлестіктері бар. «Грейс-Благодать», «Бірінші пресветериан шіркеуі», «Алматы аймақтық пресветериан шіркеуі» бірлестіктері белгілі болып отыр.

Штаб-пәтері Лос-Анджелесте орналасқан «Грейс-Благодать» діни бірлестігінің еліміздің заңына қайшы әрекет жасаған. Ал «Мун Сан Мен» діни бірлестігі халықаралық ұйымдардың атын жамылып, дәрістер өткізген. Саентология діни бірлестігі емдік шаралармен айналысып, адамдардың денсаулығына зиян келтіргені әшкереленді. Осы діннің бірлестікке тиесілі «Битца» клубы жабылды. «Жетінші Күн Адвентистері» қауымының республикалық орталығы «Жетінші күн Христиан адвентистері» Солтүстік Қазақстан конференциясы Астана қаласында орналасқан «Жетінші күн адвентистері» Оңтүстік одағына кіреді. Евангелшіл бағыт елімізде негізінен неміс ұлтының арасында таралған. Елімізде лютерандық шіркеудің 70-тен аса діни қауымдары бар.

Шет елдік миссионерлердің белсенді қызметі арқасында протестанттық ағымдардың харизматикалық қауымдары «Агапе», «Жаңа өмір», «Новое небо», «Благая весть» және т.б. Елімізді дәстүрлі емес культтердің қатары өсу үстінде. Саентология шіркеуі АҚШ-та ХХ ғасырдың 50 жылдары пайда болды. Негізін салушы Лафайет Рон Хаббард (1911-1986). Рон Хаббард өз ілімін «Дианетика: ақылды ойдың саулығы туралы бүгінгі заманғы ілім» атты еңбегінде қорытындылаған. Саентология шіркеуі діни бірлестігі Алматы, Қарағанды, Семей қалаларында ресми тіркелген. Саентология шіркеуі Ресей, АҚШ, Англия, Австралия елдеріндегі саентологиялық ұйымдармен тығыз байланыс орнатқан.

Елімізде экстремистік бағыттағы «Хизб-ут-тахрир» азат ету партиясы ұйымының заңға қайшы әрекеттері жұртшылықтың наразылығын тудырды. Хизб-ут-тахрирдің мақсаты - Ислам атын жамылып, дінаралық келісім мен ынтымаққа зиянын тигізіп, бейбіт өмір тыныштығын бұзу. Хизб-ут-тахрир Орталық Азия елдерінің мемлекеттік құрылысын мойындамайды және осы аймақта халифат құруды өздерінің мақсаты ретінде ұстанады. Аталған ұйым күресі идеологиялық күрес, идеологиялық төңкеріс, билікті өз қолдарына алу сынды үш бағытта жүргізіледі. Кейінгі жылдар мұсылмандар арасында жік салатын пікірлер мен ұстанымдар көрініс беруде. Экстремистік, діни фанатизм, лаңкестік, пікір төзімсіздігі ислам дініне жат [2].

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2008 жылы халыққа Жолдауында «Қазақстан алдағы уақытта да халықарлық лаңкестік пен діни экстремизмге қарсы күрес жөніндегі халықаралық коалицияның белсенді мүшесі ретіндегі ұстанымын жан-жақты нығайта беруге ниетті деп атап көрсетті» [3].

Елімізде «Әл-Каида», «Мұсылман бауырлар», «Талибан», «Лашкар-Таиба», «Боз-құрт», «Өзбекстанның ислам қозғалысы» және т.б. лаңкестік ұйымдардың ұызметіне тыйым салынған.

Миссионерлік - діни ұйымдардың діни ілімдерін таратуға арналған діни және нәсихаттық қызметінің Қазақстанда кеңінен таралуы орын алуда. Миссионерлік ұйымдардың шоқындыру саясаты Африка және Азия халықтары арасында қарқынды және мақсатты түрде жүргізіліп отыр. Миссионерлік ұйымдарға жіберетін елдердің мемлекеттік құрылымдары, қайырымдылық қорлары, үкіметтік емес ұйымдар, қаржылық топтар материалдық және моральдық тұрғыдан көмектесіп, ортақтаса жұмыс жасайды. Миссионерлер баратын ел халқының дінін, тілін, тарихын, әдет-ғұрпын, ділі мен психологиясын зерттеп біліп барады. Көптеген миссионерлер жергілікті халық көп тұратын елді мекендерде тұрып, сол халықтың тілін, әдет-ғұрпын, мінез-құлықтарын өз қызметкері табысты жұмыс атқаруы үшін жетерліктей деңгейде зерттеп, үйренеді.

Қазіргі таңда жұмыссыздар, өмірден өз орнын таппағандар, рухани ізденісте жүргендер, жеке басы мен отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар, Ислам дінін терең білмейтіндер, әсіресе жастар миссионерлердің үгіт-насихатына тез ілігеді. Еліміздегі жаңа культтердің бірі - Бахай сенімінің бастауында «Баб» деген лақап атымен белгілі болған Сейд Әли Мұхаммед тұр.

Бахай сенімінің ең жоғары ұйымы - дүниежүзілік әділдік үйі. Израиль мемлекетінің Хайфа қаласында орналасқан. Бахай сенімінің ұлттық рухани мәжілісі елімізде 1994 жылы тіркелген. Қазіргі уақытта бахай сенімінің 80-нен аса қауымы бар. Кейбір деректер бойынша, пайда болғанына бір ғасыр шамасы болған Бахай сенімінің әлемде бес миллионға жуық ұстанушылары бар. Дәстүрлі емес діни ағымдардың әдебиеттерінің таратылуы сараптан өткізіліп және жіті қадағалануы тиіс.

Елімізге ислам діні күшпен емес бейбіт жолмен енді. Дінбасымыз Әбсаттар Қажы Дербісәлінің пікірінше, «Ислам діні барлық адамзатты, соның ішінде, оңы мен солын түсіне қоймаған жастарымызды тәрбиелейтін айқын жол екенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ шығар. Дін барлық ғылымның, рухани дамудың мәдениеттің негізі» [4].

Қазақстан Республикасының Конститутциясында ар-ождан бостандығы мен діни бостандықтың принциптері, әр түрлі конфессияларға жататын азаматтардың өздерінің діни бірлестіктерін құруға теңқұлығы, мемлекеттің шіркеуден бөлінгендігі туралы принциптер бекітілген. Сондай-ақ, діннің және діни бірлестіктердің әлеуметтік қызметтерін реттеудің халықаралық тәжірибелеріне негізделген өзге де бірқатар нормативтік-құқықтық негіздер дайындап шығарылды. Қазақстанда қандай да болмасын діни бірлестіктердің қызмет етуінің нормативті - құқықтық негізі белгілі дәрежеде әзірленгендігіне қарамастан, діннің мәртебесі, оның қоғам өміріндегі шынайы жағдайы мен рөлі, яғни діннің қоғамның әлеуметтік-саяси, рухани салаларына тигізе әсерінің мәртебесі, кеңістігі және шекаралары қазіргі дейін дәл анықталмаған. Осы еліміздегі белгісіздік, әсіресе оның теріс салдары еліміздегі қазіргі діни дағдайда орын алған жаңа тенденцияларға байланысты анықта айқын аңғарылуда.

Бұл әрине әсіресе, дін мен діни сананың күдік туғызатын діни-рухани нормалары мен догмаларына негізделген жаңа діни ағымдар мен бағыттардың пайда болып отырғандығын көрудеміз. Мұндай әсершіл нышандар діни фундаментализм мен діни экстремизм ретінде көрініс табуда [5].

Еліміздегі діни жағдайлардың біршама өзгергенін көріп отырмыз. Діни жағдайлардың бір орталыққа емес, әр түрлі нысандар бойынша қызмет етіп жатқаны көрінуде, еліміздегі секталарда өздерінің мүддесін қорғап, халқымыздың ертеңі болатын жастарымыздың санасын улауда.

Діни қызметке қатысты қолданыстағы «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы» заңы 1992 жылы 15 қаңтарда асығыс жағдайда қабылданғаны белгілі. Сол заңымыздың қабылданған кейбір әлсіз жақтарынан, Еуразия жүрегінің ортасында орналасқан, Еуразиялық эпицентрдің орталығы  өзіміздің атамекеніміз қазақ жеріне шет мемлекеттерден діни секталар мен Ислам атын жамылған кейбір радикалды топтар пайда болды, олар өздерінің секталық бағыттағы үгіт-нәсихаттарын дәріптеп, мемлекетіміздегі халқымыздың санасын улап, өздерінің секталық үйірмелеріне кіргізіп, халқымыздың тұрмыс тіршілігі мен өмірге деген көзқарастарын кері қарай бағыттап, халқымыздың мәдениеті мен өркениетін бұзу үстінде.

Бүгінгі қоғамның ішінде кейбір ислам атын жамылған радикалды топтар: «Ол бақытты адам. О әлемге бара жатыр, бұл әлемнің құндылығын есептемей, ана әлемнің рахатына бөленеді, бұл өмірдің бәрі жалған» дегендей уағыздарды көп айтып жүр, қайтыс болған адамды сол уақытта жерлеп тастайды, сондай-ақ ас бермеу керек, зират салмау, тасын көтермеу керек» деген сияқты ұстанымдарын халықтық салт-дәстүрге қарсы қойып жүр. Басқаша жерлеу рәсімін үйреткісі келеді екен. Айналайын ағайындар өзіміздің әлемде пендесі жетпейтін қазақ халқының өнері бар емес пе? Кейбір діни ағымдардың қызметі өнерімізге де шектеу салуды көздейді, тіпті теледидарға да қарамаңдар дейтіндері де кездеседі. Дастарқан жайып, көп адамдар жиналмаңдар дейтін уағызшылар да бар.

Жат пиғылды секталарға кіріп кеткен қарагөз қазақтарымыз да аз емес. Олар өздерінің адасқандарын бірден ұғына алмайды. Әсіресе тағдырлары бұзылып, өте қиын жағдайға түскен немесе жұмыстан шығып қалған, өзінің отбасынан да қайырым көрмей, азап шегіп жүрген жандарға қайырымдылық жасаған болып, өз іштеріне тартатын секталар да елімізде кең жайылғаны жасырын емес. Азаматтарымыздың басын өздерінің пиғыл уағыздары мен улаған соң, секталар оның да ағайын-туыстарының да дүние мүлкін өздеріне аударып алған. Тіпті осындай кедергілерге тап болған азаматтарымыз, өзі секталарға жем болып жатқанын түсінбейді. Өз ағайындарының айтқан ақылы да оның уланған санасына кірмейді.

Ақтөбе мен Атырау облыстарында орын алған қайғылы оқиғалар біздің де жүрегімізді ауыртады. Тып-тыныш өмір сүріп жатқан, бірлігі мен ынтымағы жарасқан, бірлігі бекем мемлекеттің бірі едік, бірлігімізге бір кедергі жасайтын іс-қимылдар түссе, мемлекеттің болашағына да қауіп төнетіні сөзсіз. Кейбір діншілдер «Бұл дүние жалған, ана дүниеде рахат көресің» деп айтып жатса, халықтың Отанға деген патриоттық сезімі өшпей ме?! Мемлекеттік жұмысқа деген бейімділігі жоғалмай ма?!

Мемлекетімізде болып жатқан осындай секталардың кері іс-әрекеттері халқымыздың санасын теріс ұғымға уағыздауы - алға бастырмайтын істің бірі.

Көптеген жас өспірімдер мен мемлекетіміздің болашағы болатын жас ұрпақтарымыз Йегова куәгерлері, Кришна сектасы, Саентология шіркеу т.б. секталарға кіріп, өздерінің қандай бағытта өмір сүріп жатқандығын, қандай секталық бағытқа бара жатқандығын білмей, өздерінің өмірдегі әке-шешелерінің айтқандарынан шығып, өмірде дұрыс емес бұрыс жолдарға түсіп кетті.

Парламент депутаттары заң жобасына бастамашылық жасаған болатын, дінге қатысты қоғамда туындаған көптеген мәселелерді заң жолымен реттеу қажет екендігін алға тартқан болатын. Заң жобасы Мәжілісте, одан кейін Сенатта жан-жақты талқылаудан өтті. Заңды Парламент депутаттары қолдаған болатын, алайда Конститутциялық Кеңестің шешімімен Президент қарсылығын білдіріп, заң қоғамымызға енбеген болатын. Сол заң жобасында діни ұйымдарды қайтадан тіркеуден өткізіп, ретке келтіру және олардың қаражатпен жұмыс істеу тәсілі, ақша айналымы қалай болады, сонымен қатар, шет мемлекеттерден келетін уағыздаушы кітаптарды тарату мен таратпау жолдарының ара-жігін анықтау, оларға сараптама жасау жолдары анықталған болатын.

Діни кітаптарды қай жерлерде таратуға болатынына дейін анық жазылған болатын. Себебі әр түрлі діни сектаның өкілдері көше-көшені кезіп, үй-үйді аралап, әр адамның пәтеріне келіп, өздерінің уағыздалатын деректері туралы кітаптарын беріп, өздерінің діни ұйымына шақырып жүргеніне барша азаматтың күә болғаны анық. Сондай іс-әрекеттерге тосқауыл қою керек болды. Осы аталған мәселенің барлығы жуырда қолданысқа енгізілген жаңа заңда да толығымен қарастырылған.

Сондықтан мемлекеттік билік осы жәйттардың барлығын ескере отырып, 1992 жылы қабылданған заңды қайта қарап, мемлекетімізде жаңадан заң қабылдау керек деп шешті. Сонымен 2011 жылы 21 қыркүйек күні Парламент Мәжілісінің депутаттары «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасын мақұлдап, Парламентт Сенат депутаттарының қарауына жіберді. Оны көп кешіктірмей Сенат депутаттары да қабылдады. Парламентшілер қабылдаған заңға Мемлекет Басшысы Н.Назарбаев 2011 жылы 11 қазанда қол қойып бекітті. Бұл халықтың күткен заңы болатын. Аталған заң жобасы 10 күннен кейін өзінің күшіне енді. Заң халықтың игілігі мен мұраты үшін қызмет ететіні хақ.

Жаңа заң жобасы бойынша Қазақстан азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар миссионерлік қызметті Дін істері агенттігінің тіркеуінен кейін ғана жүзеге асыратын болды. Тіркеуден өтпеген жағдайда, Қазақстан Республикасында миссионерлік қызмет атқаруға тыйым салынады. Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік миссионерлер Дін істері агенттігінің барлық облыстарда, Астана мен Алматы қалаларында құрылған департаменттерінде жыл сайын қайта тіркеуден өтуге міндетті болып табылады.

Діни топтар мен ұйымдардың түп тарихын зерттей отырып қайта тіркеуден өткізу, «миссионерлік қызмет» ұғымын нақтылау, діни мазмұндағы әдебиеттерді таратуға шектеулер қою, мінәжат ету орындарын салу істерін реттеу, отбасын бұзуға ықпал ететін, адамгершілікке нұқсан келтіретін, білім алуға жол бермейтін, азаматтардың денсаулығына зиян келтіретін діни бірлестіктердің қызметіне тыйым салу, сондай-ақ діни өнімдердің таралу үрдісін реттеу жағы дұрыс толық қарастырылған.

Мемлекеттің ішіндегі халықты ішкі қақтығыстарға, тіпті бір ұлттың өзі бөлініп-жарылып бір-бірімен соғысуға алып келетін қасіреттерді болдырмау үшін алдын ала тәртіп орнатуы қажет. Сондықтан діни ұйымдарды мемлекет қатаң бақылауда ұстауы керек. Мемлекет ішінде қабылданған жаңа заң осы мақсатқа қызмет ететіндігіне біз кәміл сенеміз. Кез-келген мемлекеттің ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерін қорғап және оны қауіпсіздіктен сақтайтын мемлекеттің заңы болып табылады. 1992 жылғы заң асығыс ретінде қабылданған болатын, ал жаңадан қабылданған заң, мемлекеттің игілігі мен халықтың біртұтастығын, сондай-ақ мемлекеттің тыныштығы мен одан әрі дамуына өзінің ықпалын тигізетін болады [6].

Қазақстанның зайырлы мемлекет болуына байланысты ресми иделогия дінге мейлінше бейтарап қарайды: ол діншіл де, дінге қарсы да сипатқа ие емес. Қазіргі Қазақстандағы діннің жағдайы авторитарлық, тоталитарлық және теократиялық басқару жүйесі бар мемлекеттерден түбірлі өзгешелікке ие.

Конфессияаралық бейбітшілік пен келісім - Қазақстан үшін мейлінше күрделі және өзекті мәселе. Бүгін Қазақстан әлемге тек мұнай өндіруші ел ретінде ғана емес, сондай-ақ Бүкіләлемдік діни-рухани форумның орталығы есебінде де таныс. Онда әлемдік және дәстүрлі діндердің басшылары анағұрлым маңызды заманауи діни мәселелерді шешу үшін жиналады.

Бейбітшілік пен конфессияаралық келісім салаларында Қазақстан аясында болсын, тіпті дүниежүзілік ауқымда болсын, қол жеткізген белгілі табыстарымызға қарамастан, әлі шешілмеген, жедел шешуді қажет ететін мәселелер баршылық. Әсіресе қазір дүниежүзінде діни төзімсіздік, діни экстремизм және терроризм шынайы қауіп төндіріп тұр. Олар ХХІ ғасырдың анағұрлым өткір мәселелеріне жатқызуға болады. Конфессияаралық келісіммен диалогты жетілдірудің жаңа жолдарын іздеу қажет.

Әлемдік және дәстүрлі діндердің басшыларының осындай кездесулерінің соңғы бірінде еліміздегі конфессияаралық келісім мен диалогтың маңыздылығы ерекше аталып өтілді. Әлемдік және дәстүрлі діндердің басшыларының осы бір кездесуінде конфессияаралық келісім мен диалогтың негізгі принциптері айқындалды. Олар: толеранттылық, өзара құрметтеу мен түсінісу, ұлтаралық келісім мен діни тқзімділік. Бұл қағидалар Қазақстандағы конфессияаралық қатынастардың да негізін құрайды. Дін даусыз біріктірудің, интеграциялық процестердің күшті факторы бола алады. Ол үшін діндерден қайшылықтарды емес, керісінше, ортақ белгілер мен принциптерді, ортақ негіздер мен ортақ құндылықтарды, біріктіруші бастауды іздеуге міндеттіміз.

Айта кететін жәйт, қазақ жері діни толеранттылық пен конфессияаралық келісім бастамасында терең тамырлары бар және көне дәстүрлерге өте бай. Қазақстан көне заманнан бері сан алуан мәдениеттер мен діндердің тоғысу мекені болған. Әркімге мәлім, қазіргі Қазақстанның аумағында бірнеше ғасырлар бойы тәңіршілдік, зороастризм, манихейлік, буддизм, христиандық және ислам сияқты әр түрлі нанымдар бейбіт бірге өмір сүрген, яғни толеранттылық пен конфессияаралық келісімнің үлгісі болған.

Сондықтан Қазақстан Республикасының Президентінің әділ айтқанындай: «Қоғамдағы этносаралық және конфессияаралық келісім мен ықыластылықты одан әрі нығайтуға қажетті қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету» [7].

Қорытындылай келгенде, конфессиаралық конфессияаралық келісім мәселесінің үнемі Елбасымыз бен Үкіметіміздің басты назарында екендігін, бұл бағытта үнемі жұмыс істеп жатқандығын ерекше атап өткен жөн. Мұның жарқын дәлелі ретінде, екі әлемдік діннің, атап айтсақ исламдағы «Құрбан айт» пен православиядағы «Рождество» діни мейрамдарын мемлекеттік мейрам деп жариялау жөніндегі шешімді ерекше атауға болады. Мемлекетімізде ислам мен православиялық бағыт тұрақтылықпен өзара келісімді, түсіністікті сақтау мен нығайтуда маңызды қызмет атқарады.

Дарханбаев Ж.А.,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филос.ғ.д., профессор

Курманалиева А.Д.,
1-курс магистранты

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Мұртаза Бұлұтай. Қазақстандағы дін және мемлекет қатынастары, «Дала мен Қала» газеті, Алматы 2005. 5-б.

Байтенова Н.Ж. Қазақстандағы діндер. Алматы 2008. 4-б.

Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты. Астана 2008. 31-б.

Әбсаттар Қажы Дербісәлі. Ислам және заман. Алматы 2003. 142-б.

Д.Кенжетаев, Н.Асқаров, Ә.Сайлыбаев, Ө.Тұяқбаев. Дінтану. Астана 2010. 210-б.

Т.Сыздықов. «Егемен Қазақстан» газеті, Алматы 2011. 4-б.

Н.Ә.Назарбаев. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана 2007. 66-б.

Сурет: kursiv.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5598