Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3072 0 пікір 15 Қаңтар, 2012 сағат 08:33

Қазақстанда түске дейін парламенттік сайлауға сайлаушылардың 35,3% қатысқан

Қазақстандағы парламеттік сайлауға  Астана уақытымен сағат 12-ге дейін сайлаушылардың 35,3%  қатысты, деп мәлімдеді  Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Үсен Жетенов.

«Сағат 12-дегі жағдай бойынша  сайлау бюллетеньдерін  3 миллион 185 мың 546 адам немесе тізімге енгізілген барлық сайлаушылардың  35,3%-ы алды», - деді Жетенов жексенбідегі брифингте. 

Қазақстанда жексенбіде мәжіліске (парламенттің төменгі палатасы) және мәслихаттарға  (жергілікті өкілді органдар) депутаттар сайлау өтуде.

Дауыс беру сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жалғасатын болады. Елдің төрт батыс аймағында дауыс беру сағат 21.00-де тоқтайды.

Бюллетеньге жеті партия - «Нұр Отан», «Ақ жол», Қазақстанның патриоттар партиясы, Коммунистік халықтық партиясы (ҚКХП), «Әділет» партиясы, біріккен оппозициялық ЖСДП және «Ауыл» партияларының партиялық тізімдері енгізілді. Бюллетеньдерде «барлығына қарсы» деген бағандар қарастырылмаған.

Республикада 9,7 мыңнан астам сайлау учаскелері құрылған, сайлау тізіміне 9,2 миллион адам енгізілген.

Сайлауды мыңнан астам шетелдік бақылаушылар бақылайды, республикадағы сайлау үдерістерін 120-дан астам шетелдік БАҚ өкілдері жариялайды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін елордалық полиция күшейтілген қызметке жұмылдырылған, әр өңірде жедел қауіпсіздік штабтары құрылған.

АСТАНА, 15 қаң - Қазақстан жаңалықтары АА.

newskaz.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1101
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2641
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 766
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 733