Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2330 0 пікір 15 Қаңтар, 2012 сағат 08:35

Қазақстанда сайлау тыныш өтіп жатыр, тәртіп бұзулар тіркелмеген - ТүркіПА бақылаушыларының миссиясы

Қазақстанда парламенттік сайлау тыныш өтіп жатыр, деп атап көрсетті Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары (ТүркіПА).

"Біз сайлау үдерістері қауіпсіз өтіп жатқанын атап айтамыз, сайлау учаскелерінен ешқандай кедергілерді көрген жоқпыз. Алматыда дауыс берушілер үшін қауіпсіздік қамтамасыз етілген, азаматтар өз ризашылықтарын еркін білдіруде", - деді жексенбіде ТүркіПА  делегациясының өкілі Халук Ипек.

Қазақстандағы сайлау туралы миссияның қорытынды сөзін ТүркіПА дүйсенбіде жасайды.

Қазақстанда жексенбіде мәжіліске (парламенттің төменгі палатасы) және мәслихаттарға  (жергілікті өкілді  органдар) депутаттар сайлау өтуде.

Дауыс беру сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жалғасатын болады. Елдің төрт батыс аймағында дауыс беру сағат 21.00-де тоқтайды.

Бюллетеньге жеті партия - «Нұр Отан», «Ақ жол», Қазақстанның патриоттар партиясы, Коммунистік халықтық партиясы (ҚКХП), «Әділет» партиясы, біріккен оппозициялық ЖСДП және «Ауыл» партияларының партиялық тізімдері енгізілді. Бюллетеньдерде «барлығына қарсы» деген бағандар қарастырылмаған.

Республикада 9,7 мыңнан астам сайлау учаскелері құрылған, сайлау тізіміне 9,2 миллион адам енгізілген.

Сайлауды мыңнан астам шетелдік бақылаушылар бақылайды, республикадағы сайлау үдерістерін 120-дан астам шетелдік БАҚ өкілдері жариялайды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін елордалық полиция күшейтілген қызметке жұмылдырылған, әр өңірде жедел қауіпсіздік штабтары құрылған.

АЛМАТЫ, 15 қаң - Қазақстан жаңалықтары АА.

newskaz.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5596