Премьер-министр Андрей Бабиштің 21 қазандағы баспасөз конференциясында мәлімдеуінше, екінші санаттағы сауда нүктелері жабылады, адамдардың жүріп-тұруы шектеледі. Карантин талаптарын күшейту кем дегенде 3 қарашаға дейін қабылданды.
"Біз ең алдымен азаматтардың өмірін сақтауымыз керек", - деп мәлімдеді Бабиш.
20 қазанда Чехияда 11 984 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. 10,7 миллион тұрғыны бар ел үшін бұл рекордтық көрсеткіш. Чехияда коронавирустан 1 739 адам қайтыс болды.
Ауруханалар коронавирус жұқтырғандарды емдеу үшін бос орын дайындап жатыр.
Денсаулық сақтау министрі Роман Примуланың мәлімдеуінше, пандемияның шарықтау шегі 11 қарашаға қарай тіркеледі деп болжанған.
Abai.kz