Жұма, 29 Наурыз 2024
2666 1 пікір 25 Қазан, 2020 сағат 14:15

Америкалық жазушы: «Борат»- тарихтағы ең нәсілшіл фильм

«Борат» - Қазақстан халқын ашық түрде қорлайтын тарихтағы ең нәсілшіл фильм. Бұл туралы америкалық жазушы Нассим Талеб өзінің Twitter парақшасында жазды.

«Борат» -Қазақстан халқын ашық түрде қорлайтын тарихтағы ең нәсілшіл фильм. Көптеген адамдар контекстен тыс сөздерді дұрыс қолданбағаны үшін көпшілік алдында айыпталады. Мен «Борат – пародия» деген сыңайлы жазғандардың барлығын бұғаттадым. Иә, мен мұның пародия екенін білемін. Бірақ мені «пародияның» қосарланған стандарты көбірек қызықтырады. Егер нәсілшіл әзілдер (іс жүзінде қорлау) кейбір нәсілдердің өкілдеріне рұқсат етілсе, ал онда басқалары болмаса, бұл нәсілшілдіктің ең нашар түрі», - деді Нассим Талеб.

Сонымен қатар, жазушы Қазақстанда бірнеше рет болғаны туралы айтты.

«Мен Қазақстанда бірнеше рет болғанмын. Сол кезде тұрғындар Бораттың шын мәнінде Қазақстанның өкілі емес екендігін, бұл әділетсіз болғанын және фильмнің көп зиян келтіргені туралы үнемі айтатын. Бірде мен Марат деген жүргізушіні Борат деп байқаусызда айтқаным үшін қатты реакция туған болатын», - деп толықтырды ол.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1571
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3565