Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2497 0 пікір 16 Қаңтар, 2012 сағат 05:59

«Алға, «Нұр Отан» алда тұр

Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты 15 қаңтар күні өткен сайлау барысында экзит-пол тәсілімен жүргізген сауалнама нәтижесінде «Нұр Отан» партиясы алға шықты деп мәлімдеді. Билеуші партия сайлаушылардың 80,5 пайыз дауысын жиса, «Ақ жол» - 7,9 пайыз, ҚКХП- 7,3 пайыз дауыс жинаған. ЖСДП - бар болғаны 1,5 пайыз дауыс жинаса, «Ауыл» - 1 пайыз, «Патриоттар» партиясы - 0,9 пайыз, «Әділет» - 0,6 пайыз дауысқа ие болған көрінеді.
Бұл  -  Астана және Алматы қаласы мен облыс орталықтарында Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты жүргізген сауалнаманың қортындысы. Сауалнама 164 сайлау учаскесінде жүргізіліп, оған  41 мың сайлаушы қатысқан.
Бір қызығы, «Демократия институты» ұлттық зерттеу қауымдастығының (ҰЗҚ) да «Exit poll» технологиясы бойынша жүргізген сауалнамасының қорытындысы Әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының қортындысымен егіз қозыдай ұқсас. ҰЗҚ-ның қортындысы бойынша, «Нұр Отан»ХДП - 81 пайыз, «Ақжол»партиясы - 7,3 пайыз, Қазақстанның коммунистік халық партиясы - 7,3 пайыз, ЖСДП - 1,4 пайыз, Ауыл партиясы - 1 пайыз, Қазақстанның патриоттары партиясы - 0,7 пайыз, Әділет партиясы - 0,6 пайызға ие болған. Бұл туралы ҰЗҚ директоры Ю.Кучинская жария етті. Олар Қазақстанның 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан 50 мың сайлаушыға сұрау салған. 500 сайлау учаскесі сауалнамаға тартылса, оның 283-і қалада орналасқан.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588