Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3134 0 пікір 17 Қаңтар, 2012 сағат 04:33

Бастама: Төребек Төлегеновке «Халық қаһарманы» берілсін! (аудио)

Суретте: бейбіт тұрғындардың қатарына шығып, қыршынынан қиылған жас - Төребек Төлегенов

Суретте: бейбіт тұрғындардың қатарына шығып, қыршынынан қиылған жас - Төребек Төлегенов

Жаңаөзен оқиғасына ай толғанына байланысты, астаналық қоғам қайраткерлері, журналистер, қоғамдық ұйым өкілдері саяси-қуғын сүргін құрбандарына қойылған ескерткішке жиналып, Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиға кезінде шейт болған азаматтарды еске алды.
Акцияның ұйымдастырушысы бұрынғы сенатор Зәуреш Батталова жаңаөзендік құрбандардың 40 күндігі құрметіне 25 қаңтарда «Нұр-Астана» мешітінде ас беруді ойластырып жатқанын мәлім етті. Бірақ бұл бастаманы мешіт имамы қолдай ма, ол жағы белгісіз. Өйткені, сол мешітте аштық жариялаған саясаткер Серікжан Мәмбетәлин Алланың жердегі үйінен қуылған болатын.
Коммунист Тоты Елубаева барлық күштерді біріктіріп, қозғалыстың атын «Жаңаөзен» атауды ұсынды. Бірқатар белсенділер үкімет пен президенттің атына хат жазып Шетпе ауылында қаза тапқан сержант Төребек Төлегеновке «Халық қаһарманы» атағын беру қажеттігін көтерді. Өрт сөндіру қызметінің жұмысшысы Төребек Шетпедегі демонстранттарға қарсы тыныштандыру шарасына қатысуы керек болатын. Алайда, ол бейбіт тұрғындарға қарсы оқ атпауды талап еткен жерлестерінің қатарына барып қосылған. Сол кезде оған кектенген полиция қызметкері оны атып салған. Төребек сол жерде қаза тапқан. Оқ қақ маңдайдан тиіпті.
Ол - Қазақстанның жаңа тарихында халық жағына шыққан тұңғыш мемлекеттік қызметкер. Бірақ ажал құшты. Жиналғандар бұл бастаманы да қолдады.

"Абай-ақпарат"

Желтоқсанның 17-сінде Шетпеде қайтыс болған Төребек Төлегеновтің анасы Зерік Тауасарованың жоқтауы. (аудио "Азаттық радиосынан алынды")


Zhoqtau by Omirzhan Abdihalyh

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588