Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2614 0 пікір 18 Қаңтар, 2012 сағат 04:46

Нұрғали Жүсіпбай. Қазақ және «Хабар» мен «Қазақстан»

Былтыр «Қазақстан» телеарнасының  бұдан былай  таза қазақша сөйлейтінін естігенімде жаһанды мекендеген бар қазақ баласы қазақша сөйлеп кеткендей қуанған едім.
Алайда, мұның мәні басқада екенін Өзендегі қанды қырғыннан кейін ерекше айқын ұғынып, дәлірек айтсам, мәселенің мәні телеарнаның қазақ тілінің шынайы жанашыры ретінде ақпаратты қазақша таратуында емес, бірінші кезекте барша қазақ еліне арнайы тапсырыспен дайындалатын, жасанды, біржақты етіліп, әбден түтіліп-үйітілген ақпаратты тарату арқылы биліктің айызын қандыратын қоғамдық сананы қолдан жасау әрекеті екендігіне бүгін нақты түрде көзім жетті.

Бұлай дейтін себебім, бір сәтке сананы сергітіп Өзендегі қырғыннан кейінгі «Хабар» мен «Қазақстанның» жаңалықтарын еске түсірейік:

«Бұзақылар бүлік шығарды!».
«Бүлікшілер әкімдік және басқа да ғимараттарды тып-типыл етіп өртеп жіберді!».
«Есірткі қабылдап көзі қызарған бүлікшілер дүкендер мен сауда орындарын тонады!»
«Полиция мен қауіпсіздік қызметінің сақшылары тарапынан халыққа оқ ату фактілері тіркелген жоқ (Бас прокуратураның ресми өкілінің мәлімдемесінен)»

Бірақ, көп ұзамай бұл ақпараттың біржақты екендігі, шындығында халыққа оқ атылғандығы, жаралылардың аяусыз жаншылғандығы тұрғындардың ұялы телефонға түсіріп, ғаламторда жарияланған алғашқы бейнетаспаларының жайылуымен-ақ  әшкереленіп, бастапқыда биліктің ұстанған позициясы быт-шыт болып, күллі көкке ұшты. Сол-ақ екен, тұрғындар ұялы телефондарымен түсірген осыған ұқсас көптеген ақпараттар ғаламтор жүйесін гүрілдетіп жіберді. Бірақ, сонда да,  билік  балама ақпарат көздерінен тараған бейнекөріністерді  аталған арналардың эфиріне берген жоқ.
Есесіне, қырғын кезінде барлығын да өз көзімен көрген куәгерге аудармашының мұқият һәм ыждаһатты еңбегінің арқасында жасалған «бүлікшілердің есірткі қабылдап алғандығы» туралы пікірін қазақ және орыс тілдерінде үтір-нүктесіне дейін сөзбе-сөз өзгертпей айтқызып шығарды.  Бұл -  оқ атушы тараптың алғашқы ақталу әрекеті болтын. Шахановтың пікірінше, осыған өте ұқсас ақталу әрекеті мен халықтың сағын сындару шаралары Желтоқсан көтерілісі кезіндегі «Метель» операциясында орын алған екен.
Дәл осы хабар «Хабарда» бірнеше рет қайталанып дүрілдеп жатқанда, арнайы сақшы тобының халықа оқ атуы, жараланғандарды аяусыз ұрып соғуын «қасқалап» түсірген тұрғындардың бейне материалы күллі әлемді  кезіп кетті. Бірақ, біздің «білікті» хабаршыларымыз  тағы да соқыр мен кереңнің рөлін шебер орындап шықты.

Қалай десек те, дәл қазіргі шақ - халық пен биліктің бір-бірінен алшақтаған, бір-біріне  өгейленген шағы. Мұны биліктің өзі де амалсыз мойындады. Мойындады да, қателіктердің тетігін анықтап, тоқырауды шешуді Ө.Шөкеевке тапсырды. Халықпен болған кездесуде Шөкеев: «Енді қорқатын еш нәрсе жоқ, мемлекеттің көрсетіп отырған жақсылығын пайдалану керек», - деп халыққа жарқын болашаққа апарар жолдың бағытын анықтап берді. Біз мұны тағы да «Хабар» мен «Қазақстаннан» көріп білдік...
Ал, нақ осы кездесу кезінде сахнада отырған Шөкеевтің алдында қасқая тұрып мұңын шаққан, зарын айтып шындық іздеген бейбақ ананың датына құлақ салып, назар аударған «Хабар» да болмады, «Қазақстан» да...  

Бір қызығы, «Руханияттың» сайлау тізімінен алыну шешіміне қатысты болған жиналыс үстінде түсірілген репортаждан  бізге көрсетілгені тек қана Мәмбеталиннің қайта-қайта басын шайқауы ғана  болды. Ал оның сол жиналыста ызалана айтқан екі ауыз даты күллі әлем жаңалығы сыйған арналарға  сыймай қалды. Әрине, біз Мамбеталиннің сөздерін естіген жоқпыз. Естуіміз де мүмкін емес еді.  Өйткені оның сөзі мен жоғарыдағы кейуананың зары гүріл болса, «Қазақстан» мен «Хабардікі» қара нарды шөктіретін дүріл болатын.
Ал біз,  дүрілдің тылсым күшінен діріл қағып, аталған арналардың ақ дегенін ардақтап, қара дегенін қаралап күн кешудеміз әйтеуір...
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588