Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2869 0 пікір 20 Қаңтар, 2012 сағат 06:45

Бесінші Мәжілістің бірінші сессиясы: Спикер - Нығматуллин, орынбасарлар - Дьяченко мен Ізмұхаметов

Бесінші шақырылған Мәжілістің бірінші сессиясы басталып, депутаттар ант беріп жатыр. Жеңіске жеткен «нұротандықтар» өз орталарынан Мәжіліс төрағасын да ұсынуда. Көпшілік дауыс «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматуллиннің кандидатурасын қолдауда.
Бесінші шақырылған Мәжілістің бірінші сессиясы басталып, депутаттар ант беріп жатыр. Жеңіске жеткен «нұротандықтар» өз орталарынан Мәжіліс төрағасын  ұсынды. Көпшілік дауыс «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматуллиннің кандидатурасын қолдады.
«Былтырғы президенттік, биылғы парламенттік сайлауларда партияның бас штабын басқарып «Нұр Отанның» жеңіске жетуіне барын салып, ұйымдастырушылық қабілетімен дараланған Нығматуллинің  ерен еңбегі ескерілуі керек. Ол сондай-ақ партия төрағасының бірінші орынбасары да болып қала береді» дейді ҚазТАГ-тың тілшісімен тілдескен бұрынғы экология министрі - су жаңа депутат Нұрғали Әшім.
Ал, премьер-министр Кәрім Мәсімов Твиттердегі парақшасына «Бүгін мен парламентке барамын» деп жазып қойыпты.

Бесінші шақырылған Мәжілістің алғашқы сессиясында Мәжілістің төрағасы мен орынбасары сайланады. Сондай-ақ Үкімет басшысының өкілеттілігі қаралады. Егер депутаттар сенім білдірсе,  Мәсімов премьерлік қызметін бұрынғысынша жалғастыра береді. Сенім білдірмеген жағдайда отставкаға аттанады. Әрине, Кәрім Қажымқанұлының жерде қалмасы анық. Ол атқарушы биліктен ат ауыстырса, Алматыға әкім болып келеді деген әңгіме қазір ел ішінде гулеп тұр. «Қаржы дағдарысына қарсы үкімет» атанған Мәсімов үкіметі кезекті қаржы дағдарысымен белдесе бере ме, жоқ па оны бірер сағаттан соң білетін боламыз.
Президенттің саяси істер жөніндегі кеңесшісі Ертісбаев: «Ықтимал жағдайда ендігі  үкімет басшылығына Тимур Құлыбаев не Өмірзақ Шөкеев. Бұл екеуі болмаса, Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев, әйтпесе Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов тағайындалады» дейді.
Редакциямызға жаңа ғана мынандай бір жіңішке ақпарат келіп түсті.
Президент әкімшілігінің жетекшісі Асылан Мусин Батыс Қазақстан облысына әкім болып баратын көрінеді. БҚО-ның бұрынғы әкімі Б. Ізмұхаметов қазір Мәжілістің құрамында. Ал, ПӘ-нің тізгіні Иманғали Тасмағамбетовтың құзырына тимек екен.  
Сенат спикерілігіне Ахметжан Есімов тағайындалмақшы. Оның орнын Мәсімов басады-мыс.
Сенаттың спикері Қайрат Мәми Араб елдерінің біріне елшілікке аттанатынға ұқсайды.
Премьер Құлыбаев болады дейді хабаршымыз.
Ауыс-түйісті жедел хабарлап отыратын боламыз.
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576