Ұлтшылдар екі мақсатта бірігуі керек!
Орыстілді демократтар оп-оңай бірігіп митинг өткізіп жатыр. Ал қазақтілді ұлтшылдар бір жерде жиналса бір бірімен төбелесіп қалуы әбден мүмкін, билікке тіпті провокация жасау да қажет емес. Солай ғой?
Ұлтшылдардың ұжымының ішінде бір біріне деген жақтырмаушылық енді ғажап. Мынау сатқын, анау агент, мынау бұндай, анау анандай. Нәтижесінде бірде бір ортақ мақсатқа жете алмай отырмыз. Бұл түрімен жерден де айырылып қалу қиын емес.
Менің ұсынысым: ұлтшылмын деп жүргендер екі нақты ортақ мақсатқа тіпті уақытша болса да бірігуіміз қажет! Одан кейін қайта бір бірімізді жақтырмай жүрсек те болады.
1. Жер мәселесін аяғына дейін жеткізіп, жаңа Жер кодексін қабылдатуымыз қажет.
2. Марғұлан Боранбайды бәріміз бір жұдырықтай жұмылып қорғап шығуымыз қажет. Бұл жігіт отырып кетсе бәрімізге сын болады.
Жиналыс өткізіп, бір біріміздің көзімізге қарап осы екі нақты мәселеге келісіп алуымыз керек! Қалай ойлайсыздар?
Мұхтар Тайжанның жазбасы
Abai.kz