Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
3318 3 пікір 4 Қараша, 2020 сағат 17:45

АҚШ президентіне кандидаттар жеңіске жақын екеніне сенімді

АҚШ президенті, республикашыл Дональд Трамп пен оның қарсыласы - демократ Джо Байден мемлекет басшысы қызметіне 3 қарашадағы сайлаудан кейін де күресіп жүр.

Науқан нәтижесі, сарапшылар пікірінше, таңдауы айқын емес штаттардағы дауыс беру қорытындысына байланысты болмақ. Бюллетендерді есептеу бірнеше күнге созылуы мүмкін.

Кандидаттардың екеуі де Ақ үй үшін таласта жеңіске жақын екенін мәлімдеп үлгерді.

Сейсенбі күні түнге қарай мәлімдеме жасаған Трамп "теңдессіз нәтижені" тойлауға дайындалып жүргенін айтқан. Ол Мичиганда, Огайода, Техаста, Флоридада, Солтүстік Каролинада, сонымен бірге ең маңызды штаттардың бірі саналатын Пенсильванияда қарсыласын басып оздым деп мақтанды. "Ашығын айтқанда, біз бұл сайлауда жеңіске жеттік, біз жеңдік, бірақ елді алдап соққаны өкінішті", - деген Трамп қарсыласын дауыс ұрлады деп тағы сынады. Трамп сайлау нәтижесіне қатысты дау туындаса, Жоғары сотқа шағымдануға дайын екенін мәлімдеді.

Бұның алдында Трамп твиттерде сайлауда көш бастап келе жатқанын, бірақ оның дауыстарын қарсыласы "ұрлауға" талпынғаны туралы жазған. Твиттер Трамптың бұл жазбасын "даулы контент" деп белгілеген.

Сайлау учаскелері жабылған соң, жақтастары алдында сөйлеген Джо Байден оларға төзімді болуға үндеді, дегенмен жеңіске жеткеніне сенімді екенін мәлімдеді. Байден Аризонада, Миннесотада қолдау жоғары болғанын, Джорджия және басқа да штаттарда жеңіске жеттім деп үміттенетінін мәлімдеді.

Сайлауда жеңіске жету үшін кандидаттар 270 дауыс жинауы керек. Вашингтон уақыты бойынша сәрсенбіге қараған түнгі сағат екідегі мәліметке сәйкес, Трамп - 213, Байден 225 дауыс жинаған.

Биылғы президент сайлауында сайлаушылар өте белсенді болды. 100 миллионнан астам америкалық сайлаушы таңдау жасады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 515
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1856
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 470
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 439