Онжылдықтарға бағдарланған Қазақстан: Тоқаев нені меңзейді және Қытай тәжірибесі неге үйретеді?
Бүгінде әлем елдері арасында технологиялықбәсеке күшейіп келеді. Мемлекеттің қуатытабиғи байлығымен ғана емес, ғылымыныңдамуымен, жаңа технологияларды игеруіменжәне білікті мамандарымен де өлшенеді. Оғанкөршіміз Қытайдың даму жолы мысал болаалады. Қытай бүгінгі күннің қажеттілігіменшектелмей, алдағы ондаған жылды ойлап, ғылымға, білімге және жоғары технологиялықөндіріске қомақты қаражат бөліп отыр.
Мәселен, Қытайдың Ұлттық статистикабюросының мәліметінше, 2025 жылы елғылыми зерттеулер мен жаңа технологиялардыәзірлеуге 3,93 трлн юань жұмсаған. Бұлалдыңғы жылмен салыстырғанда 8,2 пайызғакөп. Ал жоғары технологиялық өңдеуөнеркәсібіндегі қосылған құн 9,4 пайызға өскен.
Қытай алдағы бес жылда да ғылымизерттеулерге бөлінетін қаражатты жыл сайынкемінде 7 пайызға арттыруды жоспарлап отыр. Ел өз технологияларын дамытуға, ғылымижаңалықтарды өндіріске енгізуге және біліктімамандар даярлауға басымдық беріп келеді.
Бұдан нені аңғаруға болады? Қытай бүгінсалған инвестициясының нәтижесін ондағанжылдан кейін де көруді көздейді.
Ал ТМД кеңістігіндегі кейбір елдерде шағынжобалардың өзін үлкен жетістік ретіндекөрсетіп, арзан пиарға айналдыру үрдісі әлі декездеседі. Әрине, жаңа ғимараттар салу, қалаларды көркейту, инфрақұрылымдық жәнеәлеуметтік жобаларды жүзеге асыру қажет. Бірақ кез келген жобаның құндылығы оныңашылу салтанатымен немесе қаншалықтыкеңінен насихатталғанымен өлшенбеуі керек.
Мысалы, жаңа университет ашылды делік. Еңмаңыздысы оның ғимараты емес, сол жердеқандай мамандар даярланып, қандай ғылымижаңалықтар ашылатыны. Сол сияқты жаңазауыттың ашылуынан бөлек, оның қандай өнімөндіретіні, қанша адамды жұмыспенқамтитыны және ел экономикасына қандайпайда әкелетіні маңызды.
Кейде бүгінгі жетістігімізді көрсетуге көп көңілбөліп, оның ертеңгі нәтижесін назардан тысқалдырып жатамыз. Ал кез келген жобанықолға алмас бұрын оның келешек ұрпаққақандай пайда әкелетінін де ойлауымыз қажет.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл мәселеге үнемі назар аударып келеді. Президент елдің болашағы ғылым мен білімге, озық технологияларға және азаматтардыңкәсіби біліктілігіне тікелей байланысты екенінайтып жүр.
2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқынаЖолдауында Мемлекет басшысы кейінгібуынға дамыған, өркениетті және жаңарғанмемлекет қалдырудың маңызына тоқталды.
Расында, кейінгі ұрпаққа тек табиғи байлық пен жинақталған қаражатты қалдыру жеткіліксіз. Оларға сапалы білім алуға, еңбек етуге, жаңатехнологиялар жасауға және өз қабілетінжүзеге асыруға мүмкіндік беретін мемлекетқалдыру маңызды.
Қазақстанда осы бағытта бірқатар жұмысатқарылып жатыр. Шетелдік беделдіуниверситеттермен ынтымақтастық кеңейіп, жасанды интеллектіні дамытуға, ғылымдықолдауға және экономиканы цифрландыруғабасымдық берілуде.
Ендігі міндет бастамалардың нақты нәтижесінкөру. Қазақстандық ғалымдардыңжаңалықтары өндіріске енгізіліп, елімізде жаңатехнологиялар әзірленіп, отандықкәсіпорындар әлемдік нарықта бәсекегеқабілетті болуы қажет.
Болашақ ұрпақты ойлау тек биліктің міндетіемес. Мұндай жауапкершілік әрбір азаматтыңсанасында қалыптасуы керек. Мемлекеттікқызметкер де, кәсіпкер де, ғалым да бүгінатқарып жатқан жұмысының он немесежиырма жылдан кейін қандай нәтиже беретінінойлағаны жөн.
Бүгін ғылымға бөлінген қаражаттың, сапалыбілім алған баланың немесе өндіріскеенгізілген жаңа технологияның игілігін ертеңбіздің балаларымыз көреді.
Қытайдың тәжірибесінен алатын маңыздысабақтың бірі де – осы. Бүгінгі қажеттілікті өтейотырып, болашақтың негізін қалау.
Қазақстанда да ондаған жылға жоспар құрып, қабылданған шешімдердің келешек ұрпаққатигізер пайдасын ойлайтын сана қалыптасуықажет. Өйткені келер ұрпақ бізден қанша нысанашқанымызды емес, қандай мемлекетқалдырғанымызды бағалайды.
Abai.kz