Сенбі, 23 Қараша 2024
3355 2 пікір 9 Қараша, 2020 сағат 12:31

Қазақстанда тұрғын үйлер 13%-ға қымбаттады

Қазақстанда тұрғын үйлер қымбаттады. Бұл туралы 24.kz мәлімдеді. 

2020 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда Қазақстанда пәтер құны 13% өскен.

Ең арзан пәтерлер Қызылордада. Ондағы жылжымайтын мүліктің бір шаршы метрі - 150 мың теңге. Елордада жылжымайтын мүліктің бір шаршы метрі жыл басынан бері 5,7% қымбаттады. Ал Алматыда 7%, Қызылордада 9,5% бір-ақ көтерілген.

Коронавирус пандемиясы мен карантиндік шектеулерге қарамастан баспана бағасы бүкіл ел аумағында шарықтап кетті. Өңірлердің басым бөлігіндегі бір шаршы метр құны қымбаттаған. Өсім 10% асады. Әсіресе, Қостанайда, Ақтөбе, Көкшетау және Орал өңірлерінде жыл басынан бері баға өскен. Ал қыркүйекте республика бойынша жылжымайтын мүлік құны 3,7% қымбаттады.

Баспана бағасына не әсер етеді?

Сарапшылар «5-10-20» және «7-20-25» мемлекеттік бағдарламаларының талаптарына сәйкес келетін жобалардың жетіспеушілігі қазіргі бағаларды уақытша сақтауға көмектеседі деген пікірде. Бірақ бұған қарамастан, жаңа баспаналардың құны алдағы уақытта тағы 10% көтерілуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, бағаның өсуіне құрылыс қарқынының төмендеуі әсер етеді. Тағы бір себеп, дағдарысқа байланысты құрылыс компанияларының саны азайып, жаңадан салынған үйлердің көлемі кемиді.

Нарықтағы баға Қостанайда баспананың бір шаршы метрі 241 мың теңгеден жоғары. Петропавлда 277 мың теңгеден асады. Өскемендегі жылжымайтын мүліктің шаршы метрі орта есеппен 275 мың теңгеден басталады. Ал Тараздағы тұрғын үй нарығында бір шаршы метр құны 205 мың теңге төңірегінде. Ал Ақтөбе 171 мың теңгеден жоғары. Нұр-Сұлтандағы пәтерлердің бір шаршы метрі 357 мың теңгеден сатылпады.

Ең қымбат пәтерлер Алматыда, бір шаршы метр құны – 450 мың теңге.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408