Сенбі, 23 Қараша 2024
2410 0 пікір 9 Қараша, 2020 сағат 12:43

Қазақстанның төрт аймағында жаңа шектеулер күшіне енді

COVID-19 таралмауы бойынша ведомствоаралық комиссия Қазақстанның төрт облысында 9 қарашадан бастап жаңа шектеулер күшіне енгенін мәлімдеді. 

Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысында карантин шаралары күшейтілді.

Ақмола облысында:

- Көкшетауда блокбекеттер орнатылды;

- күн сайынғы өсім 10 жағдайдан асқан елді мекендерде санитарлық блокбекеттер орнатылды;

- Көкшетау - Алматы және Көкшетау - Ақтау бағытындағы әуе қатынасы аптасына екі реттен бір ретке қысқарды;

- Көкшетау - Қызылорда бағыты бойынша теміржол тасымалы аптасына жеті реттен үшке дейін қысқарды;

- облыс ішінде транзит жолаушылар теміржол құрамын тоқтату тыйым салынды;

- діни нысандардың, театрлардың, кинотеатрлардың және мәдениет нысандарының жұмысы тоқтатылды;

- жұмыс күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы бір уақытта 30 адамнан артық келуші жиналмай, 30 адамнан артық орны бар нысандар үшін - жұмыс уақыты шектеліп, келушілер саны 50 пайыздан аспайтындай етіп шектелді және тағы басқа талаптар.

Қостанай облысында:

- Қостанайда қаланың периметрі бойынша блокбекеттер орната отырып, ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдар ауданында карантин енгізілсін;

- КВИ-дың күн сайынғы өсімі 10-нан асатын елді мекендерде санитариялық блокбекеттер орнату;

- Жүк көлігі мен жолаушыларға Қостанай облысына ПТР анықтамасыз кіруіне тыйым салынсын, болмаған жағдайда адамдар тексерілу үшін 2 күнге карантиндік госпитальға жатқызылады;

- Әуе жолаушыларында нәтижесі теріс ПТР анықтамасы міндетті түрде болуы керек (мерзімі берілген сәттен бастап 3 тәуліктен артық емес);

- Қостанай облысы елді мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардың қозғалысы 21:00-ден 06:00-ге дейін шектелсін;

- Қоғамдық көліктің жұмысына 06.00-ден 20.00-ге дейін толымдылығы отыратын орындар саны бойынша ғана рұқсат беру.

- Демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұру;

- Үй-жайлардағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беріледі, алайда ғимаратта келушілер саны бір мезгілде 30 адамнан аспауы тиіс, жұмыс күндері жұмыс режимін 08.00-ден 21.00-ге дейін шектей отырып, салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық іс-шаралар және т.б. өткізбеу, 21.00-ден кейін тек алып кету және жеткізу жұмыс істейді. Жексенбі, мереке күндері және 21.00-ден кейін алып кету және жеткізу арқылы ғана жұмыс істеу;

- Такси қызметін 21:00-ден 06.00-ге дейін шектеу, жолаушылар саны 2 адамнан аспауы керек;
Мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 80 пайызын қашықтан жұмыс режимге көшіру;

- Театрлардың, кинотеатрлардың қызметін тоқтата тұру. Сауда үйлері, сауда орталықтары, азық-түлік емес дүкендер үшін жұмыс режимін 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеу.

Павлодар облысында:

- Павлодарда блокбекеттер орнатылды;

- күнделікті КВИ жағдайы 10-нан асатын елді мекендерде санитарлық блокбекеттер орнатылды;

- Павлодар - Алматы ( аптасына 10 рейстен 5-ке дейін), Павлодар - Нұр-Сұлтан (үштен бірге) және Павлодар - Шымкен (екіден бірге дейін) әуе рейстері қысқартылды;

Толығырақ Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысынан танысуға болады.

Солтүстік Қазақстан облысы:

- СҚО периметрі бойынша блокбекеттер орнатылды;

- күнделікті КВИ жағдайы 10-нан асатын елді мекендерде санитарлық блокбекеттер орнатылды;

- Петропавл - Алматы бағытындағы теміржол тасымалы аптасына жеті реттен үш ретке қысқартылды;

- облыс ішінде теміржол құрамдарын тоқтатуға тыйым салынды;

- Солтүстік Қазақстан облысынан әуе немесе теміржол көлігі арқылы шығатын жолаушылардың ПТР-тесті теріс нәтижемен болуы керек. Анықтама алған күннен бастап 3 тәулікке жарамды. 5 жасқа дейінгі балаларға бұл талап қойылмайды және тағы басқа талаптар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407