Жұма, 27 Желтоқсан 2024
4825 15 пікір 11 Қараша, 2020 сағат 17:42

Ахметбеков: Партия аты өзгергенмен, коммунистік идеологиядан бас тартпаймыз

Қазақстан коммунистік халық партиясының атауы өзгеріп, ребрендинг жасалды. Енді ҚКХП «Қазақстанның халық партиясы» деп аталатын болады. Бұл туралы партия өкілдері мәлімдеді.

«Біз биыл партиямыздың атауын өзгертіп, ребрендинг жасауды жөн көрдік. Бүгінгі партияның кезектен тыс XV съезінің басты жаңалығы, біздің партиямыздың атауының «Қазақстанның халық партиясы» болып өзгеруі.

Бұл дегеніміз коммунистік идеологиядан кету деген сөз емес, біздің еліміздегі әлеуметтік мәселелерге көп мән беруімізбен байланысты. Еліміздегі шешілуі тиіс мәселелердің көбі әлеуметтік саламен байланысты. Тағы бір партия мүшелерінің қатарын кеңейту, бағдарламамыздың аясын кеңейтуді көздейміз. Сондай-ақ, біз партиялардың қатарында жоқ, бірақ өзіндік идеялары бар азаматтарды өз партиямызға шақырамыз», - деді ҚКХП-ның хатшысы Жамбыл Ахметбеков.

Ребрендинг партияның ұйымдық құрылымына түзетулер енгізді. Осылайша, Халық партиясында Төраға лауазымы пайда болды, Орталық Комитет хатшыларының саны өсті, Саяси Бюроның құрамы өзгерді. Съезд барысында Айқын Қоңыров Қазақстан Халық партиясының Төрағасы болып бір ауыздан сайланды.

– Менің ойымша, біз партиямыздың алаңында қоғамның барлық салауатты халықтық-патриоттық күштерін біріктіре аламыз. Осыған байланысты біз партиямыздың іргетасын – социалистік идеяны сақтаймыз, – деді Қоңыров.

Жақын уақытта партия қайта тіркеуден өтпек. Кезектен тыс XVI съезді өткізуге және сайлау науқанына, ҚР Мәжілісі мен жергілікті атқарушы органдар мен мәслихаттардың алдағы сайлауына лайықты қатысуға ниетті.

Айта кетейік, елордада Қазақстан коммунистік халық партиясының кезектен тыс XV съезі өтіп жатыр.

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053