Жұма, 18 Қыркүйек 2026
4490 9 пікір 17 Қараша, 2020 сағат 11:38

Лукашенко: Беларусьтегі оқиғалар Қазақстанға үлкен сабақ

Александр Лукашенко 13 қарашада Беларусь пен шетелдің саяси шолушыларына сұхбат беріп, Беларусьтегі оқиғалар посткеңестік елдер үшін маңызды сабақ болуы қажеттігін мәлімдепті.

Сұхбат барысында ол әлемнің түрлі аймағындағы оқиғаларға тоқтала келе, Қазақстан да еш жағдайда «босаңсымауы» керектігін айтқан.

Оның айтуынша, президенттік сайлау нәтижесіне қарсылық барлық елде болады.

«Қазақстанда да мұндай жағдайлар бірнеше рет болды, бірақ оның бәрі БАҚ-тарда жарияланбады. Онда әртүрлі банда оңтүстікте де, шығыста да төбелес шығарған. Мұндай алдағы уақытта да болады. Сондықтан еш жағдайда босаңсуға болмайды. Беларусь - сіздерге маңызды сабақ. Себебі Қазақстан мен Ресей Беларусь емес. Бұл үлкен елдер» , - деді Лукашенко.

Лукашенконың айтуынша, Беларусьте наразылық шарасын ұйымдастыруға еш себеп болмаған.

Айта кетейік, 9 тамызда Беларусьте Президент сайлауы өтті. Ресми мәлімет бойынша қазіргі президент Александр Лукашенко 80,1 пайыз дауыс жинаған. Алайда, сайлау нәтижесімен келіспеген халық жаппай наразылық шараларын өткізіп келеді.

100 күнге ұласқан халық наразылығында 25 800 адам тұтқындалып, 4 адам қайтыс болған. Ал, Минскідегі наразылық шерулеріне 1 млн.адам қатысқан.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1292
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2849
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 946
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 886