Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3491 0 пікір 2 Ақпан, 2012 сағат 11:27

Қанат Әбілқайыр. О дүниелік кітап

ХХІ ғасыр. 2012 жыл. Қақаған қаңтардың 24 жұлдызы. Иә, дәл осы күні «Мәдениет» кітапханасы «қаза болды». Яғни жабылды. Қайғылы оқиға исі қазақтың қабырғасын қайыстырып кетті. Өйткені, бұл кітапхана қазақ руханиятының, әдебиеті мен мәдениетінің аяқтан нық тұруына бар ғұмырын сарп еткен «алашордашы» һәм қазақтың игі жақсылары ату жазасына кесілген 1938 жылы ашылған болатын. Содан бері кітапхана бар тарихи оқиғалардың куәгері болды. 1938 жылды айттық. Бұл орда онан кейінгі небір тарихи қысылтаяң шақта да өмір сүрді. Тек кітапхананың талқаны тәуелсіздікке жиырма жыл толған тұста таусылғаны жаныңа қаяу түсіреді екен. «Қара жамылған» үйге көңіл айта бару - салтымыз. Сол үшін де, «Мәдениет» кітапханасымен бірге жерленетін «мәдениетімізді» де жоқтауға барып қайттық.

Әлқисса

Әңгіменің әлқиссасы мынадан басталды. Бізге «Мәдениет» кітапханасы жабылып, кітаптар 100 теңгеден сатылып жатыр» деген ақпарат жетті. Дереу Ахмет Байтұрсынов пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы кітапханаға жеттік. Келе сала ұққанымыз мәдени ошақ жабылмайтын болыпты. Әлдебір демеуші табылып, кітапхананы сақтап қалуды ойластыра бастапты. Десе де, «Мәдениет» кітапханасы өткен аптада кітап қорын сатылымға шығаруға мәжбүр болып, қордағы 136 мың кітаптың 80 пайызын сатып үлгерген екен.

«Кітапханаларды жою төңкерісі»

ХХІ ғасыр. 2012 жыл. Қақаған қаңтардың 24 жұлдызы. Иә, дәл осы күні «Мәдениет» кітапханасы «қаза болды». Яғни жабылды. Қайғылы оқиға исі қазақтың қабырғасын қайыстырып кетті. Өйткені, бұл кітапхана қазақ руханиятының, әдебиеті мен мәдениетінің аяқтан нық тұруына бар ғұмырын сарп еткен «алашордашы» һәм қазақтың игі жақсылары ату жазасына кесілген 1938 жылы ашылған болатын. Содан бері кітапхана бар тарихи оқиғалардың куәгері болды. 1938 жылды айттық. Бұл орда онан кейінгі небір тарихи қысылтаяң шақта да өмір сүрді. Тек кітапхананың талқаны тәуелсіздікке жиырма жыл толған тұста таусылғаны жаныңа қаяу түсіреді екен. «Қара жамылған» үйге көңіл айта бару - салтымыз. Сол үшін де, «Мәдениет» кітапханасымен бірге жерленетін «мәдениетімізді» де жоқтауға барып қайттық.

Әлқисса

Әңгіменің әлқиссасы мынадан басталды. Бізге «Мәдениет» кітапханасы жабылып, кітаптар 100 теңгеден сатылып жатыр» деген ақпарат жетті. Дереу Ахмет Байтұрсынов пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы кітапханаға жеттік. Келе сала ұққанымыз мәдени ошақ жабылмайтын болыпты. Әлдебір демеуші табылып, кітапхананы сақтап қалуды ойластыра бастапты. Десе де, «Мәдениет» кітапханасы өткен аптада кітап қорын сатылымға шығаруға мәжбүр болып, қордағы 136 мың кітаптың 80 пайызын сатып үлгерген екен.

«Кітапханаларды жою төңкерісі»

1997 жылы «кітапханаларды жою төңкерісі» болғаны бәрімізге белгілі. Сол кезде Алматыда келместің кемесіне мінген 25 кітапханадан аман қалған «Мәдениет» қана болатын.  Бұл жөнінде саналы ғұмырын осы салаға арнаған, 40 жылдық еңбек өтілі бар, кітапхана директоры Клара Біләлқызы: «Кітапханамыздың жетпіс жылдық тарихы бар. Сонау 1997 жылдары кітапханалар жабылып жатқанда В.Храпуновқа (сол кездегі Алматы қаласының әкімі) кіріп жүріп, аман алып қалып едік. Содан бері өзімізді-өзіміз қаржыландырып келдік. Енді келіп, кітапхананы жауып жатыр», - дейді. Белгілі жазушы Жекен Жұмақановтың жан жары Клара Біләлқызы тірнектеп жиған кітаптарына қорған бола алмағанына күйінеді.

Шұжық пен кітап айқасы

Кітапхана директорының айтуынша, қаланың қақ ортасындағы бұл ғимаратқа қалталылар шұжық сататын азық-түлік дүкен ашпақшы екен. «Олар осы мақсатта бес жылдан бері күресіп келеді. Шамалары келгенше жан-жақтан қыспаққа алып жатыр», - дейді кітапхана директоры. «Шұжық пен кітаптың айқасы кімнің пайдасына шешілмек? Бұл орын сауда жасауға тиімді жерде орналасқан. Кітапхана - қоғамымыздың байлығы. Оны мемлекет қорғауы қажет. Бұл біздің мемлекеттегі сатылып жатқан бірінші байлық емес. Мынандай бассыздықты тоқтату керек. Қараңызшы, кітаптың бәрін талап әкетті. Ертең Ұлттық кітапхана да осының күйін кешуі мүмкін», - дейді аты-жөнін атаудан бас тартқан келіншек.

Сіз кімсіз, Ка мырза?...

Кітапхана қорының 80 пайызы қолды болғаннан кейін табыла кеткен демеушімен де пікірлестік. Ол өзі қызмет ететін компанияның атын атаудан бас тартты. Аты - Ержан Наурызбаев екен.
«Жас қазақ»: Сіздің ойыңызша мынандай жағдайға түскен кітапхананы сақтап қалу мүмкін бе?
Ержан Наурызбаев: Мүмкін, мүмкін еместігін айта алмаймын. Десе де жайлы бір орын тауып, кітапхананы сақтап қалуға, сөйтіп, қайтадан ашуға болады деп ойлаймын. Қараңызшы. Арзан кітап алуға қаншама халықтың келгенін. Мұндағы кітаптар жүз теңгеге бағаланыпты. Мұндай баға жоқ қой қазір. Қазір екі мың, тіпті бес мың теңгелік құны бар кітаптар қолды болды. Меніңше, кітап¬хана басшылығы әр кітапты екі мың теңге деп бағаласа, мұнда ешкім де келмес еді.
«Жас қазақ»: Ауызша уәдеңізге кітапхана басшылығы қалай сеніп отыр? Менде «сізді мына шуды басу үшін арнайы орындардың жіберген өкілі емес пе екен?» - деген күдік бар. Бұған не дейсіз?  
Ержан Наурызбаев: Сіз олай ойламаңыз. Есімімді сізге айттым ғой. Электрондық поштама хат келді. Кітаптардың саудаға түсіп жатқанын содан білдім. Кітапқа жаны ашитын оқырман ретінде осы істі мойныма алып отырмын. Елу-жүз теңгеге сатылған кітаптарды енді мың теңгеге де қайтара алмаймыз. Бірақ, кітаптың біраз бөлігін осы қаладағы белгілі бір университеттер әкеткен екен. Олармен келісімге келуге болады деп ойлаймын. Десе де, менде «бизнесмендер табайық, кітапхананы сақтап қалайық» деген ой ғана бар.

«Распродажа»

Кітапхана. Рухани орда. Бірақ, сол рухани ордадың құны көк тиын болып қалды. «Мәдениет» кітапханасына барғанда біз осыны аңғардық. Сыртта қолына құшақ-құшақ кітап көтерген бір-екі әйел зымырап барады. Кітапты қайтарып алуға талпынған кітапханашылар іштегілермен айқасып бағуда. Ал, осы жайға жеткізген қоғам жайлы ешкім де тіс жаруға құлықты емес. Терезедегі «распродажа» деген жазу жүрекке шаншудай қадалады екен. «Саудаға түспеген неміз қалды, ә»?

Мұқағали қалған тапталып...

«Кітап болмаса, адам қалай өмір сүреді. Бір күндік телеарнаңыз бен интернетіңіз кітаптың орнын баса алмайды. Біз кетерміз. Бірақ, кітап қалады. «Кітапты мемлекет қорғамаса, біз қорғайық» деп келдік. «Аяқ астында қалмасын» деп немеремді ерте салып жеткенім осы», - деп шырылдайды Назым Төлегенқызы атты зейнеткер әжей. Иә, шындығында да, бұл жердегі бар кітап аяқастында жатыр. Мұндағылардың айтуынша, қазақша кітаптардың дені қолды болып кеткен. Ал шашылған орыс кітаптарының арасында Мұқағалидың суреті де аяққа тапталып жатыр екен.
Оралханның қолтаңбасы
Біздің қолымызға осы кітапханаға кездесуге келген қонақтардың ой пікірлері мен қолтаңбалары жазылған дәптер түсті. Күләш Ахметова, Герольд Бельгер, Серік Қирабаев, Оралхан Бөкей секілді тұлғалардың тілектеріне көз жібердік. Ішіндегі Оралханның бір ауыз сөзі бізді таңғалдырды. «Достар! Кітаптарың тез тоссын! Оралхан (қолы) 29.01.1980» Осыдан тура 32 жыл бұрынғы сөз дәл бүгінге арналып тұрғандай. Басқа жайға емес, тоз-тозы шыққан мына кітаптарға айтылғандай. Мұны тілемесе де, түбі осылай аяқталатынын білгендей әсер етеді екен. Бұл қолтаңбаның өзі қаңтардың соңында жазылуы кездейсоқтық па? Сұрақ көп. Жауап жоқ.

Түйін

Иә, бұрнағы жылдары Жазушылар одағына көз сүзгендермен айқастық. Ғалымдар үйі де біреулердің көз құртына айналып, оны да аман сақтап қалып едік. Қалталылар мұнымен қоймай, Ахмет Байтұрсыновтың мұражайына да ауыз салмақ болды. «Көпес Зубов салдырды» деген сол мұражайды да әупірімдеп алып қалдық. Әрине, тізе берсек, бұл тізім бүгін таусылмайды. Енді, міне, кезекті айқас «Мәдениет» кітапханасын қорғап қалу үшін болды. Әзірге қуанарлықтай нәтиже жоқ. 136 мың кітаптың 80 пайызы, нақтырақ айтқанда, шамамен 108 800-і қолды болды. Яғни осыншама кітаптар «о дүниеге» аттанды. Ол кітаптардың ішінде сирек кездесетін қаншама құнды жәдігерлер кетті. Қазір қатардағы қарапайым кітаптың өзі 500 теңге екенін ескерсек, орташа есеппен 54 млн 400 мың теңге шығын келгенін аңғарамыз. Бұл 367 500 долларға пара-пар. Ақшаны қойыңызшы, қаншама рухани байлық жоқ болды. Біздің соған ішіміз ашиды.

«Кітапхана сол ғимаратта қалатын болды»
Мұрат Әуезов, Мәдениеттанушы:
Клара апайларың бір сөзбен айтқанда, асыл адам. Тәжірибелі кітапханашы. Көптеген кітапханалар жабылып жатқан тоқырау заманында «Мәдениетті» сақтай білді. Менің балаларым да сол кітапханаға барып, керекті дүниелерін табушы еді. «Мәдениет» кітапханасы рухани өміріміздің дамуына өз үлесін қосты деп ойлаймын. Кітапхана қызметкерлері осыдан екі-үш күн бұрын елу жыл сақтап келе жатқан Мұхтар Әуезовтің мүсінін «М.Әуезов» қорына өткізіпті. Олар мына жайдан кейін әбден күдер үзсе керек. Мен бүгін «Мәдениет» кітапханасының директоры Клара Біләлқызымен сөйлестім. Әкімшіліктен кісілер келіп, кітапхана осы ғимаратта қалатынын айтыпты. Бұл уәдеге әлі де сене алмай отыр екен.
Кітапхананың орнына азық-түлік сататын дүкен ашуға бола ма? Кітапхана мешіт секілді - қасиетті жер. Клара Біләлқызы сол кітапхана үшін жанын, бүкіл өмірін арнады. Обал емес пе? Ол кісіге: «Жағдай шиеленісіп бара жатса, хабардар болайын», - дедім. Енді біздің міндет - кітапхананың қорындағы кітаптарды қайтару. «Алған адамдар қайырып береді» деп ойлаймын. Мен Мұхтар Әуезовтің мүсінін қайтарып берем. Сонымен бірге бірқатар құнды кітаптар сыйласам ба? - деп отырмын. Керек болса, өзім танитын кітапханашыларды ұйымдастырып, қол ұшын созуға да дайынбыз.  Жалпы, жағдайды осыншама шиеленістіру - кешірілмейтін дүние. Алғаш естігенде жаным түршікті. Кітап өртеген заман болып еді. Ал, қазір біз дамыған, Тәуелсіздік алғанына 20 жыл толған іргелі мемлекет емеспіз бе? Бұл - үлкен қылмыс. Санасыз, мисыз күштерге жол бермеуіміз керек. Сол себепті де Клара Біләлқызының қасынан табылуымыз керек. Сонымен қатар уәденің іске асуын қадағалауымыз қажет».

Бет қатталып жатқанда

Клара Біләлқызы, кітапхана директоры:

«Алдымен Иманғали ара түсті»

Ең алғаш болып Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов қоңырау шалды. Бар жайды айтып бердім. «Кітапты құрметтемейтін, кітаптың не екенін білмейтін адамдардың ісі ғой. Кітапты сатпаңыз, сол қормен сізді Астанаға алғызып, кітапхана ашайық», - деді ол кісі. Мен Астанаға бара алмайтынымды айттым. Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов бастаған бірқатар кісілер келді. «Кітапхананы сақтап қалудың барлық жолдарын қарастырдық. Ары дамытам десеңіз, жұмысыңызды жалғастыра беріңіз. Егер рұқсат етсеңіз, кітапхананы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» филиалы қылайық, - деді. Мен рахметімді айттым. Енді біздің кітапхана «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» филиа¬лы болатын болды. Маған қызметінің де, басқасының да қажеті жоқ. Негізгі ойым, кітап қорын сақтап қалу болатын. Сол арманыма жетсем, болғаны...
«Жас қазақ» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572