Сенбі, 23 Қараша 2024
2573 0 пікір 26 Қараша, 2020 сағат 12:06

Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетті

Қазақстан Қырғызстанға коронавирус індетімен күреске деп гуманитарлық көмек жіберді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 763 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2020 жылғы 23 қарашада Қырғыз Республикасына ауыр жүк көлігімен «Көкшетау-4П» өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарының 400 данасын және Қазақстан кәсіпорындарда өндірілген 2 млн. медициналық бетперде жіберді»,- делінген хабарламада.

Жіберілген гуманитарлық жүктің жалпы құны 390 млн. теңгеге жуық, атап айтқанда «Тыныс» АҚ шығарған «Көкшетау-4П» ӨЖЖ аппараттарының құны 328 млн. теңге, «Dolce pharm» ЖШС және «Mega pharm» ЖШС шығарған медициналық бетперделер құны - 61 млн. теңге.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5352