Парламентші пайымы
БҰЛ - САЯСИ ПЛЮРАЛИЗМ КӨРІНІСІ
Мәжілісте әрқашан да пікір алуындағы болу керек. Сенат жоғары заң шығару органында өңірлік өкілеттіктерден тұрса, Мәжіліс саяси өкілеттіктерді көрсете білуі тиіс. Бүгінгі күні Мәжілісті үш партиядан құру арқылы біз саяси плюрализмге қол жеткіздік деп айта аламыз. Мен халықтың барлық тобының, көзқарасын осы үш партия палатада толығымен көрсете алады деп ойлаймын.
Айрықша атап өтетін мәселе, әлемде ешқандай елде жоқ, этностардың өкілеттілігін қамтамасыз ететін Қазақстан халқы Ассамблеясының да өз депутаттары бар. Олар да пікір алуандығы қазанының қайнай түсуіне, сөйтіп, тиімді шешім қабылдауға қол жеткізуге өзінің ықпалын тигізер деген үміт бар.
Өз басым Парламентке коммунистік халық партиясының өкілдігінің жеткеніне де қанағатпен қараймын. Өйткені, ұзақ жылдар коммунист болған көптеген жандар өмірде өз көзқарастарын өзгерте алмай қалды. Олар өмірдің бүгінгі талаптарына, өзгерістеріне әлі де үрке қарауда. Бірақ оларды сондай екенсіңдер деп көзге ілмей тастауға болмайды. Сондықтан олардың мұң-мұқтажын Парламент деңгейінде айтатын партияның болғаны - бұл қоғам үшін өте пайдалы деп ойлаймын.

Ал «Ақ жол» партиясы жаңа заманның жаршысындай, үнемі алды шалып отыратын саяси ұстаным деп айтар едім. Әсіресе, кәсіпкерлікті дамыту, оны барынша жетілдіру міндетін алға қойып отырған бүгінгі күні осы партияның Парламент қабырғасында өз пікірлерін білдіруі өте пайдалы болады.
Серік АҚЫЛБАЙ, Сенат депутаты, «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
_______________________________________
МАҚСАТЫМ - ХАЛЫҚҚА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУ
Партия бағдарламасы қоғамның барлық саласын қамтиды. Сондықтан партиялық тізіммен депутат атанған коммунистер Мәжілістің барлық жеті тұрақты комитетіне бөлінді. Мен өзім Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне барғанды жөн көрдім.
Ал мына кеудемдегі депутат төсбелгісін тағу мен үшін үлкен абырой. Халық алдындағы жауапкершіліктің өскені. Ал қызыл төсбелгім өзімде қалады. Мына төсбелгі жүректің үстінде, ал өзімдікі жүрегімнің ішінде. Енді осы жауапкершілікті қалай абыроймен атқару мәселесін ойлаудамын.
Президент алдында халқымызға адал қызмет ету бойынша ант қабылдадық. Сондықтан да ең алдымен Парламенттегі кіші топтардың мәртебесі жайлы мәселе көтермекпін. Егер де заң қабылданар кезде басым көпшілікпен алып кетіп отырса, онда біздің ескертпелеріміз назардан тыс қалып қоюы ықтимал. Сондықтан ең бірінші осы мәселемен айналысатын боламыз.
Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, Мәжілістегі ҚКХП фракциясы жетекшісінің орынбасары.
__________________________________
ПАРЛАМЕНТТЕГІ ОРЫН ӨМІРЛІК ЕМЕС
Жақын уақытта әлемдік экономикалық дағдарыстың кезекті толқыны күтіліп отырғаны белгілі. Оны, тіпті, Қазақстан алдағы екі-үш айда сезінуі мүмкін. Дәл осы себепті өткен шақырылымдағы Парламент Мәжілісі депутаттардың өз бастамасымен таратылған болатын. Біздің партияның Орталық кеңесі Парламентте отандық экономика мен кәсіп-орындарды қорғаудың нақты іс-шараларын кәсіби түрде жасай алатын адамдарды таңда-ды. Олар, шағын және орта бизнесті қоса алғанда, өндірісшілер, экономистер, бизнестегі компания басшылары. Түйіндей айтқанда, «Ақ жол» партиясының Орталық кеңесі депутаттарды уақыт талабына сай таңдады.
Алайда, Парламенттегі орын біреулер үшін «өмір бақи» бекітіліп қойылған деп ойлауға болмайды. «Ақ жол» партиясы да Парламенттегі өкілдерін заңмен белгіленген тәртіп бойынша анықтайды. Экономикалық дағдарыс қаупі сейіліп, бірінші кезекке әлеуметтік, ұлттық ой-сана, мәдениет пен тіл мәселелері шығып жатса, біз бұл мәселеге қайта ораламыз. Бұл менің ұсынысым болатын және Орталық кеңес екі сағаттық талқылау мен пікірталастан соң басым дауыспен осы ұстанымды қолдады.
«Алаш» партиясының идеялары - либерализм, демократия, жеке адамның құқықтары мен бостандықтары, этностар мен діндердің теңдігі - «Ақ жол» партиясының басым бағыты болып қала береді. Мұны біз партияның сайлауалды тұғырнамасында да, нақты іс-шаралармен де көрсетіп келеміз.
Біздің партия мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге әрдайым баса назар аударып келеді, алдағы уақытта да осылай болмақ. Осы тұрғыда партия бірқатар қадамдар жасап та жатыр. Мысалы, жақын арада «Ақ жол» партиясының бөлімшелері әр қалада үлкендер үшін қазақ тілін үйрететін тегін жексенбілік мектептер ашатын болады. Сонымен қоса, «Ақ жол» ұлтаралық, нәсілдік және діни араздықты қоздыруға бағытталған ұлтшылдыққа, экстремизм мен лаңкестікке үзілді-кесілді қарсы. Депутаттық орынға ие болған біздің барлық өкілдеріміз ұлттық даму идеясының жақтастары және өз халқының патриоттары. Біздің партия саясаткерлердің жаңа буынына арқа сүйейді. Олардың бәрі жастар және көп ұзамай олар өз әлеуетін дәлелдейтін болады.
Азат ПЕРУАШЕВ, Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы.
«Егемен Қазақстан» газеті