Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
3291 0 пікір 1 Желтоқсан, 2020 сағат 11:16

Токиодағы Олимпиаданы бір жылға ауыстыруға екі миллиард доллар кетті

Токиодағы Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жарысты коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылдан 2021 жылға ауыстыруға 200 миллиард иен (1,9 миллиард доллар) жұмсалған.

Yomiuri жапон газетінің мәліметіне қарағанда, жұмысшылардың ақысын төлеуге және билетті қайтару жүйесін жасауға көп қаражат кеткен.

Ойындарды ұйымдастыру комитеті келесі айда қосымша шығындар туралы мәлімет жариялауды көздеп отыр.

Ойындар өтетін уақыт ауысқанға дейін ұйымдастырушылар Токиодағы Олимпиаданы 13 млрд долларға бағалаған.

Олимпиада ойындарын Жапонияда өткізу туралы шешім 2013 жылы қабылданды. Сол кезде ұйымдастырушылар оны өткізуге 7,3 млрд доллар кетеді деп хабарлаған.

Биыл наурыз айында Халықаралық олимпиада комитеті мен Жапония үкіметі Ойындарды бір жылға шегере тұру туралы шешім қабылдады.

Олимпиада ойындары 2021 жылы 23 шілдеде басталады деп жоспарланған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 909
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2355
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 615
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 594