“ДАЛА-БЕСІК”
Журналист-жазушы Жарасбай Сүлейменовтің “Фолиант” баспасынан жарық көрген жаңа кітабы осылай аталады. Мұнда негізінен қаламгердің соңғы жылдары жазған эсселері топтас¬тырылған. Біз кітап авторына жолығып, әңгімелескен едік.
– Жарасбай Қабдоллаұлы, сіздің шырғалаң оқиғалы, ауыл өмірі туралы әңгімелеріңізбен таныспыз. Мына жаңа кітабыңыздың көтерер жүгі қандай?
– Бұл кітап аты айтып тұрған¬дай, Шоқан Уәлиханов, Мағжан Жұмабаев, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов сынды ұлы тұлғалардың бойындағы асыл қасиеттерді сайын дала төсінен іздеуден туған еңбек. Мысалы, “Сырымбетті” алатын болсақ, Шоқанның жастық шағы осында өткен. Бұл материалды жазу барысында мен Шоқанның әжесі Айғанымның қонысында, Айыртау ауданының Сырымбет ауылындағы мұражайда бірнеше рет болып, көптеген жәдігер¬лермен, тарихи құжаттармен таныс¬тым. Зерттеу барысында бертінге дейін белгісіз болып келген тың деректерге де кездескенімді айтуға тиіспін. Кейбір зерттеушілер Ш.Уәлиханов Құсмұрында туған деп жазса, енді біреулер оның дүние есігін Сырымбетте ашқанын дәттейді. Осы жай қызықтырып, қазбалай түсіп едім, атақты ғалым Әлкей Марғұланның “Шоқан Сырымбетте туған” деген сөздеріне тап болдым. Демек, бұл орайда әлі сыры толық ашылмаған құпиялар аз емес сияқты.

Қазақ жырының ақиығы Мағ¬жан Жұмабаевтың кіндік қаны там¬ған Сасықкөлдің өткені мен бүгіні жайлы әңгімелейтін очерк-эсседе де тың деректер аз емес...
– Мағжан демекші, сіз жуырда оқушыларға “Мағжан әлемі” деп аталатын еңбегіңізді де ұсындыңыз ғой.
– Алматыдағы “Асыл кітап” баспасынан шыққан “Мағжан әле¬мі” – әдеби зерттеулер жинағы. Өзіңіз жақсы білесіз, Мағжан то¬лық ақталған 1988 жылдан бері об¬лыстық, республикалық басылым¬дарда ол туралы көптеген мақа¬лалар жарық көрді. Әрине, олардың деңгейі әртүрлі. Соларды іріктеп, сүбелілерін жинаққа енгіздік.
Бұл жинақ тіл мен әдебиет ма¬мандарын, жалпы оқырман қауым¬ды қызықтыруға тиіс. Олай дейті¬нім, халық Мағжанды әлі толық танып үлгерген жоқ. Мағжанның артына қалдырған мол мұрасын жинақтау, насихаттау, оны халыққа таныту ісі бір сәтке де бәсеңсімеуге тиіс. Бұл орайда Солтүстік Қазақ¬стан облысында өңір басшысы Се¬рік Сұлтанғазыұлы Біләловтің қол¬дауымен қыруар істер атқарылуда. Нақты айтсақ, өткен жылы ақын¬ның 115 жылдығы кеңінен аталып өтті. Осы мерейтойдың шеңберінде Мағжанның туған ауылы Сары¬томардағы мұражайы жаңартылып, жаңа жәдігерлермен толықты¬рыл¬ды, Солтүстік Қазақстан мемле¬кеттік университетінде ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған ғылыми конференция ұйымдастырылды, “Мағжан” және “Батыр Баян” деп аталатын екі кітап жарық көрді.
– Е, бәсе, той ақын атын мәңгі есте қалдыруға қызмет еткен екен ғой.
– Шынында да, өткен жылғы тойдың басқа тойлардан өзгешелігі көп болды. Жергілікті сахнагерлер жиналған қауымға М.Жұмабаев шығармаларының желісі бойынша қойылған спектакльді ұсынса, жас ақындар жарыса жыр оқыды. Же¬ңім¬паздарға облыс әкімі таға¬йындаған сыйлықтар тапсырылды.
Десек те, осындай атқарылған істерге тоқмейілсімеуіміз керек.
– Жарасбай Қабдоллаұлы, айтуыңыз орынды, алайда, көп мәселе қаржыға келіп тіреледі ғой...
– Ол рас, қаржы болмаса ойға алғанның бәрі орындала бермейді. Сүйініштісі сол, Солтүстік Қазақ¬стан облысының әкімі С.С.Біләлов руханиятты дамытпай ілгерілеу жоқ екенін жақсы түсініп, қазіргідей қиын кезеңнің өзінде газет-жур¬налдарды шөміштен қағып отырған жоқ. Соның арқасында биылдан бастап барлық аудандар қазақ газет¬терін шығаруда. Сол сияқты, “Мағжан” журналының таралымы да көбейіп келеді.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен Айбатыр СЕЙТАҚ.
«Егемен Қазақстан» газеті 1 шілде 2009 жыл