Сенбі, 23 Қараша 2024
Бір сауал 6605 15 пікір 4 Желтоқсан, 2020 сағат 11:02

Әкімшілік атаулар қашан қазақшаланады?

Әкімшілік-аймақтық атаулар қашан біржола қазақшаланады? Тап осы сауал қашан қойлатынын көптен күткен еді. Ол қойылды. Қойған өз қазағымыз емес, өзге ұлт өкілі.

Иә, осы сауал жұрттың бәрін мазалайды. «Біреу – қырық десе, біреу – сорок дейдінің» кері. «Облыс  – Область», «Аудан  – Район» және «Сельский округ – Ауылдық округ» жарыспалылығы жұртты мезі етіп болды. Әрі өзіңді тап бір Ресейдің әлдебір губерниясында жүргендей сезінесің.

Тағдырын қазақ елі және мемлекеттігімен байланыстырған өзге ұлт өкілдері арасында биліктің декеңестену және отарсыздану процесі кезіндегі аяғын байқап басушылығына қатысты өз пікірлерін ашық білдіру науқаны басталды. Өздерін қазақ елінің бір бөлшегіміз деп санайтын саналы отандастарымыз әуелі алаш баласын екіге жарған өзге халық өкілдерінің ұлтын «қазақ» деп жазылуын көтеруінің өзі-ақ: бір кездегі «Қазақстандық ұлт» концепциясының келмеске кеткендігін танытады емес пе?! 

Осы жолы Сенат депутат Сергей Ершов Қазақ Елінде "село" термінін "ауылмен" біржола ауыстыруды ұсынды. Бұл туралы Tengrinews.kz. тілшісі жазады. 

Ұлттық экономиканың вице-министрі Ермек Алпысовқа қарата: "Если "село" происходит от славянского и ассоциируется с понятием поселения, жилого помещения или деревни, отличительной особенностью в дореволюционной России было наличие церкви, то понятие "ауыл" имеет исконно тюркское происхождение, позднее закрепившееся у кочевых народов и означавшее подвижное поселение. Именно "ауыл" закрепился в нашем сознании как колыбель духовности и развития народа. И под таким названием успешно реализуется проект "Ауыл - ел бесiгi", - деді Сергей Ершов палата отырысында.

Сергей Ершовтың орынды көтерген сауалы мен талабы аяқсыз қалмаса болды. Қазір бірі аударылмай, бірі жарыса қолданылып жүрген «область» пен «район» сөздерін біржола «Аймақ» және «ауданмен» алмастырылса деген үмітімізде жоқ емес. Бұл орайда «Жарайсың, Сергей!» дегеннен басқа не айтасың? Қаны қазақ айтпағанды, жаны қазақ айтқанға қабың қанады екен.

Бірақ Алпысовтың оған берілген мына бір шығарып салма жауабы: "Думаю, это требует дополнительной проработки, в том числе с экспертами в области ономастики. У нас сейчас законопроект по расширению самостоятельности районов и сельских уровней власти. В рамках этого законопроекта мы ваше предложение рассмотрим" көңілге түрлі ой салды.

Бірақ қанша айтқанмен «әкімшілік-аймақтық атаулардың қазақшалануына» қатысты сіресе қатқан сең қозғалды...

Әбіл-Серік Әлиакбар

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354