Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
3583 0 пікір 4 Желтоқсан, 2020 сағат 11:43

Әзербайжан Таулы Қарабақ жанжалында үш мың сарбазы қаза болғанын айтты

Әзербайжан Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығыс кезінде қаза болған әскерінің санын жариялады. Әзербайжан қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, 44 күнге созылған ұрыста бұл өлкенің 2783 әскері және офицері мерт болған.

Министрлік соңғы ұрысты "Отан үшін соғыс" деп сипаттап, 103 жауынгердің сүйегі ДНК-анализі көмегімен анықталып жатқанын хабарлады. Сонымен бірге жүзден астам жауынгер із-түссіз жоғалғанын және 1245 аскердің жарақат алғанын мәлімдеді.

Бір күн бұрын Армения билігі соғыс кезінде 2718 жауынгердің денесін медициналық қызметкерлер қарап шыққанын, олардың ішінде әзербайжан сарбаздары болуы мүмкін екенін айтқан.

Бірақ Әзербайжан бұл сан әбден азайтылып берілді деген ұстанымда. Бұған Арменияның денсаулық сақтау министрі Арсен Торосян жауап беріп, бұл соңғы көрсеткіш емес екенін, қаза болғандардың денесін іздестіру жұмысы жүріп жатқанын хабарлады.

Ал Әзербайжан президенті Илхам Алиев Шуша қаласын алған 8 қараша Жеңіс күні ретінде жарияланатынын мәлімдеген.

Оған дейін 10 қарашаны Жеңіс күні ретінде атап өту ұсынылған. Бірақ бұл күн Әзербайжанның ең жақын әріптесі Түркияда Ататүрікті еске алу күніне дәл келгендіктен бас тартқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 909
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2355
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 615
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 594