Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Бұ не мазақ? 10559 17 пікір 7 Желтоқсан, 2020 сағат 11:08

Жыныс ауыстыру. Министр не дейді, мүфтият не дейді?..

Өткен аптадағы ел-жұрт қызу талқылаған тақырыптың бірі – Алексей Цой басқаратын Денсаулық сақтау министрлігінің жыныс ауыстыруға рұқсат беру туралы бұйрығы болды.

Қазақстанның денусаулық сақтау министрлігі 2020 жылдың 25 қарашасында: «Гендерлік сәйкестілігі бұзылған адамдарды медициналық куәландыру және жынысын ауыстыру ережесін бекіту» туралы бұйрық шығарыпты.

Соңғы үш-төрт күннің шеңберінде елдегі БАҚ осы бір солқылдағы көп солақай тақырыпты жарыса жазып жатыр. Жаңағы министрліктің бұйрығы бойынша енді, ер болғысы келетін әйелге, әйел болғысы келетін еркекке ота жасап, жыныс ауыстыруға ресми рұқсат беріледі-міс. Ол рұқсатты Алекей Цой басқаратын министрлік берген және. Бір талап – жыныс ауыстыру үшін адамның жасы 21-ден асуы керек және психикалық және мінез-құлық ауытқулары болмауы керек екен.

Осыған орай жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жыныс ауыстыруға қатысты ҚМДБ пәтуасын жариялапты. Міне қараңыз:

ҚМДБ пәтуасы: Жыныс мүшесін ауыстырудың үкімі

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيم

الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاةُ وَالسَّلامُ عَلَي أَشْرَفِ الْمُرْسَلِين وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِين

Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын. Барша мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың ардақтысы  Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

Қазіргі заманауи медицинада адамның жыныстық ағзаларын ауыстыру өзекті мәселелердің біріне айналды. Шариғи тұрғыдан жыныстық мүшені ауыстыруға тыйым салынады. Оған төмендегі мына аят-хадистер айғақ болады.

1) Жыныстық мүшені ауыстыру – Жаратушының жаратылысын өзгерткенмен тең. Алла Тағала мұндай өзгертулерді харам еткен. Себебі, мұндай сорақы іс-әрекет Ібіліс шайтанның діттеген мақсатына кіреді. Алла Тағала Құранда Ібіліс шайтанның былай деп ант ішкендігін ескертеді:

 ﴿وَلآمُرَنَّهُمْ فَلَيُغَيِّرُنَّ خَلْقَ اللَّهِ

 «Мен, оларға (адамзатқа) Алланың жаратылысын өзгертсін деп, сөзсіз, әмір етемін»[1].

2) Шариғатта ер кісінің әйелге, әйелдің ер кісіге ұқсауына қатаң тыйым салынған. Абдулла ибн Аббас (р.а.): «Пайғамбарымыз  (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әйелге ұқсағысы келген еркектерге және еркектерге ұқсағысы келген әйелдерге лағынет айтты», – деген[2].

3) Мұндай жыныстық өзгертулер ер мен ердің, әйел мен әйелдің үйленуіне жол ашады. Ал шариғатымыз мұндай сорақы істі харам еткен. Ер мен ердің немесе әйел мен әйелдің жыныстық қатынасқа баруы – Лұт пайғамбардың дәуірінде жасалған азғындықтың жалғасы.

Дүниежүзілік мұсылман Лигасына қарасты Ислами Фиқһ Академиясы өзінің он бірінші отырысында осы мәселе жөнінде: «Аталық жыныс мүшелері толық жетілген ер кісінің немесе аналық жыныс мүшелері толық жетілген әйелдің жыныс мүшесін қарсы тараптың жыныс мүшесіне ауыстыруы – харам іс. Бұл үлкен күнәлардың қатарына жатады. Мұндай сорақы іске қадам басқан адам жазаға лайық болады. Өйткені бұл іс Алланың жаратқан жаратылысын өзгерткенмен тең», – деген шешім шығарған[3].

ҮКІМ:

Шариғат бойынша ер кісінің жыныс мүшесін әйелдің жыныс мүшесіне ауыстыруы немесе әйелдің жыныстық мүшесін ер кісінің жыныстық мүшесіне ауыстыруы – харам.

Айта кетейік, елде жыныс ауыстырам деушілерге рұқсат сонау 2003-ші жылы-ақ берілген еді. Казір тек, өзгерістер енгізіліпті.

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1972