Дүйсенбі, 4 Мамыр 2026
2814 0 пікір 8 Желтоқсан, 2020 сағат 13:44

Өзбекстан Ресей вакцинасын бірге жасауды ұсынды

Өзбекстанның фармацевтика саласын дамыту жөніндегі агенттігі ресейлік COVID-19 вакцинасын Ташкент облысының Қыбрай ауданындағы Tashkent Pharma Park фармацевтикалық кластерінде бірлесіп жасауды Ресейге ұсынды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл туралы агенттік директоры Сардор Кариев мәлімдеген.

Оның айтуынша, кластерде иммунды-биологиялық вакциналар өндіру жобасын, соның ішінде ресейлік вакцинаны дайындауға болады.

Иммунды-биологиялық вакцина жобасы 53 млн доллар тұрады деп бағаланған. Кластерде 120 млн дана вакцина жасау көзделген.

Еске салайық,биыл 4 желтоқсанда Өзбекстанның сауда және өнеркәсіп министрі Ташкентке ресейлік вакцинаның үлгісін әкелген. Қазір оны сынақтан өткізіп жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 1350
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1078