Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 3665 4 пікір 9 Желтоқсан, 2020 сағат 12:14

Армяндар: «Енді Пашинянға бағынбаймыз» дейді

Армения оппозициясы билікке бағынбау акциясы басталғанын мәлімдеді. Бұған дейін олар премьер-министр Никол Пашинянның биліктен кетуін талап етіп, 8 желтоқсанға дейін уақыт берген. 

Пашинянның отставкасын «Отанды құтқару қозғалысын» құрған 17 партия талап етіп келеді.

Ал, аталған қозғалыстың мүшесі, «Дашнакцутюн» партиясының өкілі Ишхан Сагателян наразылық акциясын заң аясында өткізуге шақырды.

«Никол Пашинян отставкаға кетпеді. Сол себептен Армения азаматтары наразылығын білдіріп, бейбіт түрде билікке бағынбау акциясын өткізуге құқығы бар», – деп мәлімдеді ол.

Осыдан соң, 8 желтоқсан күні Ереванда оппозиция өкілдері наразылыққа шығып, «Никол - сатқын» деп айқайлаған. Оларды көшедегі көлік жүргізушілері сигнал беріп, қолдады. Бұдан кейін полиция наразылық білдірушілерді ұстаған. Ұсталғандардың арасында «Дашнакцутюн» партиясының мүшелері де бар.

Айта кетейік, 5 желтоқсан күні Арменияның Бостандық алаңында оппозиция өкілдері премьер-министр Никол Пашинянның отставкасын талап етті. «Армения сатқын Николсыз» деп ұрандаған олар, премьер-министрге үш күн уақыт берген.

Жалпы, Армениядағы Пашинянға қарсы наразылық оның Таулы Қарабақтағы соғысты тоқтату жөнінде келісімге келгеннен кейін басталып, күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Ал, Пашинян соғысты құжатқа қол қою арқылы ғана тоқтату мүмкін болғанын айтқан.

«Біз дипломатияда сәтсіздікке ұшыраған жоқпыз. Біз соңғы 20-25 жылдағы дипломатиялық сәтсіздіктердің ауыртпалығынан жеңіліс таптық», - деген Пашинян.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383