Сенбі, 23 Қараша 2024
2881 2 пікір 9 Желтоқсан, 2020 сағат 13:53

«Жомарт Жүрек» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

Нұр-Сұлтанда жыл сайынғы «Жомарт Жүрек» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 25 меценат пен белсенді азаматтар 5 номинация бойынша «Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлері атанды.

Конкурс азаматтарды, бизнес-құрылымдар өкілдерін, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлерді туған жерін дамытуға ынталандыру және көтермелеу мақсатындағы қайырымдылық идеяларын насихаттауға бағытталған.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, 17 облыстың әкімдері, қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың және кәсіпкерлік саласының өкілдері қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша туған жерге ірі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырғаны үшін, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедектерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, зейнеткерлерге «Жыл меценаттары» номинациясы бойынша ақысыз көмек көрсеткені үшін «Алтынсарино» ЖШС директоры Борис Князев (Қостанай облысы), «OtauGroup» холдингінің президенті Қайрат Молдасейітов (Шымкент қ), «Темірлан» ЖШС басшысы Ерлан Алин (Ақмола облысы), «Өмірзақ-Сервис» ЖШС директоры Марат Өмірзақов (Атырау облысы), «Ассорти 2» шаруа қожалығының басшысы Игорь Шевченко (Шығыс Қазақстан облысы)» марапатталды.

«Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы ауқымды қайырымдылық қызметі үшін «BI group» құрылыс холдингі құрылтайшысы Асхат Омаров (Нұр-сұлтан қ.), «BI Group» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев (Нұр-сұлтан қ.), «Диал строй» ЖШС Бас директоры Ғабит Маматрайымов (Алматы қ.), «Корпорация «Береке» А» ЖШС Бас директоры Рәшкүл Оспаналиева (Шымкент қ.), «Ютария ltd» ЖШС компаниялар тобының Бас директоры Сәуле Шәуенова (Қарағанды облысы) жүлдегер атанды.

Денсаулық сақтау, мәдениет, білім және спорт саласында демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін және елді мекендерді абаттандыруға, саябақтарды, гүлзарларды, ескерткіштерді, балалар ойын алаңдарын қайта құру мен салуға атсалысқан «Максимовское» ЖШС директоры Александр Закусилов (Ақмола облысы), «Ақ Орда корпорациясы» ЖШС директоры Садулла Қалыбеков (Шымкент қ.), «СХП Байдалы-2» ЖШС директоры Марат Уразалин (Ақмола облысы), «Blue-Star. PV» ЖШС құрылтайшысы Қобланбек Қожин (Павлодар облысы), кәсіпкер Руслан Валердинов (Алматы облысы), «Туған өлке» номинациясымен марапатталды.

Әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды, қайырымдылық көмектің жаңа тиімді түрлерін енгізгені және әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға бас демеушілік көрсеткені үшін «Жылдың үздік ұйымы» номинациясының жеңімпазы «Норд» компаниясының филиалы - Нұр-Сұлтан қаласының «Жас Отан» жастар қанатымен Caspian Operating Company NV»,«NIET.WOMAN»ҮЕҰ әйелдер бастамалары қоғамдастығы, «Жас Жауынгер» сауықтыру клубы, «Олжа Агро» ЖШС танылды.

«Ерен еріктілік» номинациясы бойынша волонтерлер іс-шараларына белсенді қатысқаны үшін Шығыс Қазақстан облысы волонтерлер қозғалысы орталығының төрайымы Әсемгүл Калимолдина, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» РЖҚ қалалық штабы төрағасының орынбасары Наргизам Махмудова (Нұр-Сұлтан қ.), музыка мұғалімі, волонтер Құдайберген Сұлтанияров (Батыс Қазақстан облысы), «ГрИн» Қостанай облысының Азаматтық альянс ҚҚ волонтері Жансейіт Жұматұлы Құрманғалиев (Қостанай облысы), «Қазақстан волонтерлер лигасының» төрағасы Айдана Серікқызы Есіркеп (Түркістан облысы) марапатталды.

Сыйлықтың барлық жеңімпаздарына естелік статуэткалар мен дипломдар табысталды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415