Сенбі, 23 Қараша 2024
5299 0 пікір 9 Желтоқсан, 2020 сағат 14:24

Айсұлтанның қазасына қатысты жаңа мәліметтер жарияланды

Financial Times газеті Айсұлтан Назарбаевтың өліміне қатысты жаңа мәліметтер жариялады. 

Басылымның хабарлауынша, Қазақстанның тұңғыш президентінің немересі Айсұлтан Назарбаевтың кокаинді шамадан тыс қабылдау салдарынан қайтыс болғанын хабарлады. Бұл ақпаратты басылым Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың Қытайға газ құбырын тарту келісімшарттарынан он миллион доллар алғанына қатысты тергеу барысында жариялады.

Бұған дейін Айсұлтан Financial Times басылымына берген сұхбатында мұнай-газ саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін әшкерелеп, отбасындағы бірнеше адамның аттарын атаған. Оның айтуынша, қазақстандық газ ресейлік Газпромға «бір тиынға» сатылған.

Ал, Financial Times Айсұлтан Рахаттың айтқандары кейбір құжаттағы деректермен сәкес келетінін жазады.

Айта кетейік, Айсұлтан Рахаттың 16 тамызға қараған түні Лондон қаласында қайтыс болғаны хабарланған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419