Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4173 0 пікір 15 Ақпан, 2012 сағат 09:41

Қажымұқан Ғабдолла. Биліктегі руластар шеруі

Қазақ қоғамының өзіндік ерекшеліктері қызық. Біз күллі адамзат қолданған демократия құндылықтарын қабылдай отырып, дала билерінің шешімдері мен сұлтан-хандарының дәргейін дәріптейміз. Біз жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа қарсы кескілескен күрес ашып, «Жүзге бөлгеннің - жүзі күйсін!» деп, өп-өтірік «байбалам» саламыз...

Қазақ өмірінің шындығы бөлек. Қарға тамырлы қазақ ХVІІІ ғасырда қалай құдандалы болса, қазір де дәп сондай. Бір ғажабы, біз қазақ жерінің суын ішкен өзге ұлттарға қазақ тілін үйрете алмасақ та, әдет-ғұрып, салт-санасын мықтап сіңіргенбіз. Мұның мысалы мың-сан...

Өзіміз «орыстілді, маргинал» санап, оқырая қарап жүрген кәсіпкер-саясаткер Болат Әбілов бауырымыз әйдік әншіміз Рахат Тұрлыхановқа қыз беріп, әжептеуір қазақтанып қалды. Керек десеңіз, қазақша да сөйлей бастады...

Қазақтың: «Күйеу - жүз жылдық, құда - мың жылдық» дегені данышпандық. Бірі Лондонның миллиардерлер ауданында, бірі Швейцария байларының кербез кентінде күн кешіп жатқан құдалар Мұхтар Әблязов пен Виктор Храпуновтың қазақ топырағынан тым-тым шалғайда жүрсе де, құдандалы құдалардың аралас-құралас сыйласуы - қандай жарасымды?!.

Меніңше, біздің қазаққа өзара туыстық, рулық жақындықтарын жасырып-жабудың мүлдем қажеті жоқ. Турасын айтсам: қазақтың туыстығын жасырып-жамайтын нанотехнология әзір ойлап-табылған жоқ. (Табылмайды да...). Тіпті, жапонды жалдасақ та - түк шықпайды. Себебі, «уды - у ғана қайтарады» демекші, қазақтың табиғатын жер бетіндегі бірде-бір халық түсінбейді, қазақты - қазақ қана түсінеді...

Мысалы, ел басшысы жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа қарсы күрес ашты. Қазақтың жемқорлығының тамыры - туыстықта, яки, жүзшілдік пен рушылдықта жатыр...

Кәнеки, шындықтың шымылдығын түріп, бетіне тура қарап көрейік. Осыдан біраз уақыт бұрын Алматы облысының басшылығында ауыс-түйіс болды. Президенттің Іс басқарушысы қызметіне кеткен Алматы облысының бұрынғы әкімі Серік Үмбетов те, Алматы облысының қазіргі әкімі Аңсар Мұсаханов та шапырашты руынан екен...

Жарасы жүрек сыздатқан желтоқсандағы Жаңаөзен оқиғасынан кейін де біраз лауазымдылардың ұйқысы қашты. Мұнайшылардың мұң-зарына құлақ аспаған Тимур Құлыбаев қызметімен қоштасқанымен, «Қазмұнайгаз» барлау-өндіру» компаниясының бас директорлығына Алик Айдарбаев жайғасты. Сөйтсек, Әлекең Серік ағасы мен Аңсар бауырының рулас туысы болып шықты...

Мұндай ылдым-жылдым дәстүр, әсіресе, оңтүстік өңірдің жігіттерінің болмысында басымырақ дамыған. Алдыңғының «үлгісін» көргендердің біразы жүрексінгенімен, Елбасының «еркетотайына» айналған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қай жердегі жұмысында да айылын жиған емес. Қоңырат руының туын ұстаған Бекеңнің шәкірттері Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің сужаңа төрағасы Ислам Әбішев, Өскемен қаласының әкімі Серік Тәукебаев, Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев, Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев т.с.с.

Ағайынның аламан-бәйгесінен әлім мен табын руларының "көсемі", Президент Әкімшілігінің басшысы Аслан Мусиннің де бір елі қалуға құқы жоқ. Асекеңнің қандастары да бір дүйім ел: Мәжіліс депутаты, мәжілістегі «НұрОтан» партиясы фракциясы жетекшісінің орынбасары Ерген Дошаев, Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев, Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов, Қызылорда облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мадияр Алдыоңғаров, Батыс Қазақстан облысының жаңа басшысы Нұрлан Ноғаев т.б.

...Қазақтың жүзшілдігі мен рушылдығына әдебиетіміздің алыбы Ғабит Мүсірепов бекер қапаланған. Өйткені, қазақтың жүзі мен руына үш қайнаса сорпасы қосылмайтын кез-келген руың мен ұлысың, ұлтың мен жұртың қазаққа жолап кетсе болды - лезде «бөліну» тактикасы мен стратегиясын терең меңгеріп шыға келеді. Айталық, Мәжілістің төрағасы Нұрлан Нығметуллин, Маңғыстау облысының жаңа әкімі Бауыржан Мұхамеджанов, Қазақ Ұлттық Ғылым Академиясының президенті Мұрат Жұрынов сияқты азаматтар қазақтың жүзі мен руынан тыс - қожалар...

Көрдіңіз бе, жаман қадет сағыздай жабысқақ, қара майдай жұққыш келеді. Қожалардың биылғы жемісті қозғалысы мақтауға тұрарлық...

Шынына келгенде, менің қожаға да, басқаға да алты аласым жоқ. Менікі, жәй, қазақы әңгіме ғой...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5598