Бейсенбі, 23 Қаңтар 2025
2544 0 пікір 24 Желтоқсан, 2020 сағат 12:30

2021 жылы экономикалық өсім қандай болады?

Қазақстан Ұлттық банкі ақша-кредит саясаты туралы тоқсан сайынғы есеп жарияланды.

«2021 жылы экономикалық өсім 3,7 - 4,0% құрайды, 2022 жылдың бірінші жартысында шамалы бәсеңдеу болады», - делінген хабарламада.

Жылдық инфляция 2021 жылдың аяғында мақсатты 4-6% деңгейінің жоғарғы шегіне дейін біртіндеп баяулайды деп болжануда.

Айта кетсек, Ұлттық банктің болжамдары бойынша, 2020 жыл қорытындысы бойынша жылдық инфляция 7,3-7,5% деңгейінде болады.

Сонымен қатар,орта мерзімді перспективада 2020 жылғы төмен базаның және эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп қалыпқа келуіне байланысты экономиканың оң өсу қарқындарының қалпына келуі байқалады.

Abai.kz

0 пікір