Қоныс аударушыларды қолдау ма, әлде қорлау ма?
«Nur Otan» партиясының Төрағасы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа
ашық хат
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов пен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті ректорының міндетін атқарушы Ербол Исакаев қоныс аударушы ретіндегі құқықтарымды өрескел бұзып отыр!
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге өз еркімен қоныс аударушы ретінде 2020 жылдың наурыз айының бас кезінде Нұр-Сұлтан қаласынан Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласына отбасыммен бірге қоныс аударып келдім.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі комиссия отырысының 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 12 хаттамасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мені отбасыммен бірге Петропавл қаласы бойынша қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 153 шешім қабылдады.
2020 жылғы 21 сәуір күні «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры А.Б. Елиясовамен «Еңбек» бағдарламасына қатысушы ретінде жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы әлеуметтік келісімшартқа қол қойылды.
06.03.2020 ж. күні «М. Қозыбаев ат. СҚУ» КЕАҚ ресми сайтында университеттің әкімшілік-басқару қызметкерлерінің бас лауазымдарына байқау жарияланған еді.
Мен сол кездегі хабарландыруда үміткердің ғылыми атақ-дәрежесі болуы керектігі көрсетілгендіктен, «Рухани жаңғыру» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер институтының директоры бос лауазымының орнына құжат тапсырдым.
22.06.2020 ж. сағат 15.00-де өткізілген университеттің әкімшілік-басқару қызметкерлерінің лауазымдарына орналасуға арналған байқаудың қорытындысында маған Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер департаменті директорының міндетін атқару ұсынылған еді.
Осыған орай, Петропавл қаласына көшіп келіп, 26.06.2020 ж. өзімді 01.07.2020 ж. бастап университеттің Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер департаменті директорының міндетін атқарушы лауазымына қызметке қабылдауды сұрап, өтініш жазып, «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ басқармасы төрағасының – ректорының міндетін атқарушы Ербол Маратұлы Исақаевтың электрондық поштасына салып жібердім.
Алайда, Е.М. Исакаев мені конкурс кезінде ұсынылған Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер департаменті директорының міндетін атқарушы лауазымына қызметке қабылдаған жоқ және оның себептерін де түсіндірген жоқ.
Соған қарамастан «Сіз жұмысқа орналасып және жатақханада тұруға ниет білдірген жағдайда, Университеттің тұрғын үй қорынан Сізге және Сіздің отбасыңызға тұрғын үй беру туралы өтінішпен тұрғын үй комиссиясына жүгінуіңіз қажет» деп ресми хат жазып, «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ-на жұмысқа орналасатыныма үміттендірді.
Осылайша, «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ Басқармасы төрағасының – Ректордың міндетін атқарушы Е.М. Исакаев «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша талапкерлер жинауға көмек беру керектігін айтып, маған телефон арқылы ауызша тапсырма берді.
Осылайша, мен 2020 жылғы 01 шілде мен 31 тамыз аралығында «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ-на «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының ауыл мектептерінің түлектерін шақыру мақсатында белсенді түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргіздім.
Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшамда күн сайын Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы және «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ туралы 20-ға жуық ақпарат жарияладым.
Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшам арқылы 5 (бес) рет тікелей эфирге шығып, талапкерлер мен ата-аналарға М. Қозыбаев атындағы СҚУ туралы жан-жақты мәлімет бердім. Тікелей эфир жазбасының қаралымы 20 мыңнан астып кетті.
Сондай-ақ Түркістан облысының талапкерлері мен ата-аналарына арнап 4 (төрт) рет Zoom бағдарламасы арқылы тікелей конференция өткізіліп, оған 100-ден астам адам қатысты.
Жалпы 2020 жылғы шілде және тамыз айларында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша тікелей өзіме 300-ден астам талапкер және олардың ата-аналары хабарласты.
Олардың бәріне «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ-на оқуға шақыру мақсатында ақпарат беріліп, түсіндіру жұмыстарын жүргіздім.
Талапкерлердің тізімі күн сайын «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ басқармасы төрағасының – ректорының м.а., бірінші проректор Е.М. Исақаевтың электрондық поштасына жолданып отырды.
Екі ай атқарған бұл жұмысым үшін университет басшылығы маған ешқандай жалақы төлеген жоқ.
2020 жылғы 27 шілде күні университеттің сайтында «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ профессор-оқытушы құрамның бос орындарына орналастыруға конкурс жариялайды деген хабарландыру жарық көрді.
Мен осы хабарландырудағы үш бос орынға құжат тапсырдым, олар:
«Журналистика» кафедрасының аға оқытушысы;
«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының доценті;
«Практикалық қазақ тілі» кафедрасының меңгерушісі (доценті).
Аталған конкурс 2020 жылғы 27 тамызда өтті.
Конкурстық комиссия мені 27 тамызға сағат 10-ға шақырып алып, сол күні конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін сағат 10-нан кешкі сағат 20-ға дейін күтіп отыруға мәжбүр етті.
Конкурстың нәтижесін ертеңіне, 28 тамызда кешке қарай хабарлады.
«Журналистика» саласы бойынша ғылыми атақ-дәрежелерім бар екеніне, жалпы еңбек өтілім 1987 жылдан басталатынына, оның ішінде ЖОО жүйесінде 1994 жылдан бері қызмет істеп келе жатқаныма, яғни PhD докторы, қауымдастырылған профессор болып Нұр-Сұлтан қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде табан аудармастан 10 жыл қызмет істегеніме қарамастан, «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ-ның конкурстық комиссиясы мені жоғарыдағы үш лауазымның үшеуіне де конкурстан өткізбеді және оның себебін жазбаша түсіндірген жоқ.
«М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ-ның конкурстық комиссиясы «Журналистика» кафедрасының аға оқытушысының бос орнына «Журналистика» саласы бойынша ғылыми атақ-дәрежелерім бар мені емес, ешқандай ғылыми атақ-дәрежесі жоқ магистрді жұмысқа қабылдауды ұсыныпты.
Нұр-Сұлтан қаласынан Петропавл қаласына «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» бағыты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге өз еркімен қоныс аударушы ретінде отбасыммен бірге қоныс аударып келсем де, «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ-ның бос жұмыс орындарына жарияланған конкурстардан екі рет өткізбеген соң, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ.І. Ақсақаловтың атына өтініш хат жазуға мәжбүр болдым.
Облыс әкімі бұл мәселені шешуді Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Г.Р. Каримоваға тапсырған.
Алайда, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Г.Р. Каримовадан ешқандай хабар болған жоқ.
Осылайша, «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ-ның бос жұмыс орындарына жарияланған конкурстардан екі рет өткізбеген соң, маған «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ Ғылым департаментіне қарасты Ғылыми-әдістемелік және патенттік-лицензиялық бөлімінің жетекшісі қызметі ұсынылды.
Осылайша, мені 01 қыркүйектен бастап бір ай сынақ мерзімімен «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ Ғылым департаментіне қарасты Ғылыми-әдістемелік және патенттік-лицензиялық бөлімінің жетекшісі қызметіне қабылдады.
Бұған қоса өзіммен бірге университет басшылығы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен өзіммен бірге Петропавл қаласына қоныс аударып келген менің жұбайымды да әуре-сарсаңға салды.
Жоғарыда айтылғанындай, жұбайымды да филология магистрі екеніне қарамастан профессор-оқытушыларға арналған конкурстан өткізбеді және оның себебін жазбаша түсіндірген жоқ:
«Журналистика» кафедрасының аға оқытушысы;
«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының оқытушысы.
Жұбайымды Нұр-Сұлтан қаласынан бірнеше рет арнайы шақырып алып, біресе «жұмысқа қабылдаймыз» деп уәде берді, біресе «бос жұмыс орны болмай тұр» деді, енді ақыр аяғында «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ басшылары өздері ұсынып, өздері өтініш жаздырып алған және «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ-ның барлық тиісті бөлімдері келісім берген лауазымға қабылдамады.
2020 жылғы 01 қазан күні, кешкі сағат 19-ға қарай маған «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ басқармасы төрағасының – ректорының міндетін атқарушы Е.М. Исакаевтың арнайы тапсырмасымен дайындалған 01.10.2020 ж. № 10-00-21/323 қызметтік жазба жіберілді.
Бұл қызметтік жазбаны «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ заң бөлімінің жетекшісі Лариса Николаевна Кудрицкая жазған.
Аталған қызметтік хатта біз жетекші ретінде қызмет істей бастағанымызға бір ай енді ғана болған Ғылым департаментіне қарасты Ғылыми-әдістемелік және патенттік-лицензиялық бөлімінің 2018-2020 жылдардағы патенттік-лицензиялық қызметіне «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ-ның қазіргі бірінші басшысының міндетін атқарушы Е.М. Исакаевтың арнайы тапсырмасымен талдау жасалғаны жазылған.
Бізге тікелей қатысы жоқ мәліметтерді жинақтап жазылған заң бөлімінің жетекшісі Л.Н. Кудрицкаяның қызметтік жазбасына «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ басқармасы төрағасының – ректорының міндетін атқарушы Е.М. Исакаев арнайы тапсырмалық бұрыштама қойған.
Онда университеттің Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ақмарал Ғосманқызы Ыбыраеваға біз 2020 жылғы 01 қыркүйекте ғана жетекшісі болып қабылданған Ғылыми-әдістемелік және патенттік-лицензиялық бөлімінің қызметін тиімсіз деп тауып, бөлімнің бұдан арғы қызметі қалай болатынын қарастыруды тапсырған.
Сонымен бірге ол денсаулығына байланысты ауруханада жатып шыққан, жақында ғана ағзасына ота жасатқан Ғылым департаментінің директоры, филология ғылымдарының кандидаты Мархаба Есмағамбетқызы Қуантаевадан Ғылыми-әдістемелік және патенттік-лицензиялық бөлімінің 2020 жылғы 01 қаңтар – 01 қазан аралығындағы қызметі туралы түсініктеме жазуды талап еткен.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 315 бұйрығымен бекітілген «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ-ның Жарғысында Заң бөлімі жетекшісінің Ғылыми-әдістемелік және патенттік-лицензиялық бөлімнің қызметіне талдау жасауы және оған «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ басқармасы төрағасының – ректорының міндетін атқарушының тікелей тапсырма беруі қарастырылмаған.
Сол себепті Заң бөлімінің жетекшісі Л.Н. Кудрицкаяның 01.10.2020 ж. № 10-00-21/323 қызметтік жазбасы және оған қойылған тапсырмалық бұрыштама заңсыз деп есептеймін.
Ғылым департаментіне қарасты Ғылыми-әдістемелік және патенттік-лицензиялық бөлімінің жетекшісі ретінде атқарған жұмыстарымды әдейі жоққа шығарып отырған Е.М. Исакаевтың жоғарыдағы әрекетін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының» «Жаңа адами капитал» деп аталатын бөліміндегі «Еңбек ұтқырлығын арттыру және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің басқа белсенді шаралары» міндетін жүзеге асыруға қаса-қана кедергі келтіру деп бағалаймын.
Сонымен бірге «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ-ның заң бөлімінің жетекшісі Л.Н. Кудрицкаяның жоғарыдағы қызметтік жазбасын және ол жазбаға Ғылым департаментіне қарасты Ғылыми-әдістемелік және патенттік-лицензиялық бөлімінің қызметін тиімсіз деп табу туралы тапсырма беріп, бұрыштама жазған Е.М. Исакаевтың бұл әрекеттерін заңсыз және осы аталған кісілердің өздерінің қызметтік лауазымдарын асыра бағалау деп есептеймін.
Өйткені «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ заң бөлімінің жетекшісі Л.Н. Кудрицкаяның Ғылым департаментіне қарасты Ғылыми-әдістемелік және патенттік-лицензиялық бөлімінің қызметіне сараптама жасауға және оған ондай тапсырма беруге Е.М. Исакаевтың ешқандай да құқығы жоқ.
Ғылым департаментіне қарасты Ғылыми-әдістемелік және патенттік-лицензиялық бөлімінің қызметіне сараптама жасамас бұрын университетінің заң бөлімінің жетекшісі Л.Н. Кудрицкая Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Ақмарал Ғосманқызы Ыбыраеваның және Ғылым департаментінің директоры Мархаба Есмағамбетқызы Қуантаеваның келісімін алуы керек еді. Бірақ проректор және директор тарапынан ондай келісім берілмеген.
Мұндағы «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ басқарма төрағасының – ректорының міндетін атқарушы Е.М. Исакаевтың мақсаты – мен атқарып отырған Ғылым департаментіне қарасты Ғылыми-әдістемелік және патенттік-лицензиялық бөлімін жауып, мені жұмыссыз қалдыру деп есептеймін.
2020 жылғы 01 қазанда Е.М. Исакаевтың кабинетіне барып, мәселені бейбіт түрде, дау-жанжалсыз шешуге әрекет жасадым. Алайда, Е.М. Исакаев менің дәлелдерімді тыңдамады.
Өзімнің жұмыскер ретіндегі және қоныс аударушы ретіндегі құқықтарым Е.М. Исакаевтың тарапынан осылайша өрескел түрде бұзылып жатқандықтан және басқа амалым қалмағандықтан, сөз бостандығы жөніндегі конституциялық құқығымды пайдалана отырып, Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшам арқылы 2020 жылғы 01 және 02 қазан күндері Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың және ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың аттарына үндеу жариялап, көмек сұрауға мәжбүр болдым.
02.10.2020 ж. «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ Медиаорталығының бас редакторы Д. Халимова менің 2020 жылғы 01 қазандағы Фейсбук әлеуметтік желісінде «Манаш Қозыбаев атындағы солтүстік Қазақстан университетіне халыққа және жастарға жанашыр адам ректор болуы керек!» деген тақырыпта мемлекеттік қазақ тілінде жасаған мәлімдемемді университеттің этика жөніндегі комиссиясында қарауды талап етіп, орыс тілінде №13-00-00/356 қызметтік хат жазған.
Орыс тілінде жазылған қызметтік хатында Д. Халимова ханым маған «университеттің мүддесіне, оның беделіне нұқсан келтірді» деп нақақтан нақақ ешқандай дәлелсіз және себепсіз жала жапқан.
Мен осыған байланысты «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ Медиаорталығының бас редакторы Д. Халимованың қызметтік хатын және 12.10.2020 ж. менің қатысуымсыз өткізілген университеттің этика жөніндегі комиссиясының отырысын заңсыз деп есептеймін.
«М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ-ның этика жөніндегі комиссиясының төрағасы П.В. Афанасьев Фейсбук әлеуметтік желісінде маған қатысты «бред» деген сөз жазып, менің ар-намысымды қорлады.
Жоғарыда аталған Л.Н. Кудрицкая, Д. Халимова және П.В. Афанасьев Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – мемлекеттік қазақ тілін мүлдем білмейді. Бірақ менің мемлекеттік қазақ тіліндегі жазбаларыма талдау жасап, маған шара қолданып отыр.
Мұндағы «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ басқармасы төрағасының – ректорының міндетін атқарушы Е.М. Исакаевтың негізгі мақсаты – Елбасымыздың салиқалы саясатын жүзеге асыруға үлес қосу мақсатында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» бағыты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударушы ретінде 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласынан Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласына отбасыммен бірге қоныс аударып келген және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тікелей араласуынан кейін ғана Ғылыми-әдістемелік және патенттік-лицензиялық бөлімінің жетекшісі болып 2020 жылғы 01 қыркүйекте жұмысқа қабылданған менің қазіргі атқарып отырған қызмет орнымды әртүрлі сылтаулармен қысқартып, мені қалай да университеттен ығыстырып шығарып, қызметтен әдейі қудалау деп бағалаймын.
Мен бұл жағдайдың барлығын Е.М. Исакаевтың тарапынан жасалып отырған «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ-дағы мемлекеттік қазақ тілде зерттеулер жүргізетін гуманитарлық бағыттағы ғалымдарға жасалып жатқан қысымның және қудалаудың бірі деп есептеймін.
Оның үстіне айлық еңбек жалақысы аз болғандықтан Ғылым департаментінде және Ғылыми-әдістемелік және патенттік-лицензиялық бөлімінде қызметкерлер тұрақтамайды екен.
Мен жұмысқа келген бір айдың ішінде белгіленген азғантай ғана жалақыға көңілдері толмаған бірнеше қызметкер жұмыстан кетуге мәжбүр болды.
Қазіргі кезде Ғылым департаментіне қарасты Ғылыми-әдістемелік және патенттік-лицензиялық бөлімінде бар болғаны екі-ақ қызметкер жұмыс істеп жатырмыз және жалақы өте төмен мөлшерде.
«М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ-ның Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Ғ. Ыбыраеваның қызметтік хатының негізінде «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ-ның 09.09.2020 ж. тұрғын үй комиссиясының шешімімен маған және менің отбасыма бір жыл мерзімге, яғни 09.09.2021 ж. дейін Петропавл қаласы, Пушкин көшесі, 86 мекен-жайы бойынша орналасқан №4 жатақханадан жалпы аумағы 35,2 шаршы метр болатын №50 бөлме (бір бөлме) берілді.
Қазіргі кезде мен және менің отбасымның мүшелері өзім қызмет істеп жатқан «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ-ның ресми мекен-жайы бойынша, Петропавл қаласы, Пушкин көшесі, 86 үйге уақытша тіркелген.
2020 жылғы 01 қазаннан бастап Петропавл қаласында уақытша жалға алып тұрған пәтердің меншік иесі мені және отбасымның мүшелерін тұрақты тіркеуден шығарып тастаған соң екі ай уақыт Солтүстік Қазақстан облысының орталығында тұрақты тіркеуге тұруымызға ешқандай мүмкіндіктеріміз болған жоқ.
Өйткені Петропавл қаласында жеке меншік тұрғын үй-жайымыз жоқ. Ал бейтаныс адамдар өздерінің жеке меншік тұрғын үй-жайына бізді тұрақты тіркеуге тұрғызбайтыны өзінен-өзі белгілі.
«Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры А.Б. Елиясова қоныс аударушы ретінде менің дербес деректерімді тікелей өзімнің келісімім берілмегеніне қарамастан және маған ескертпестен, Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын өрескел бұза отырып, «Petropavlnews» ЖШС сайтының жетекшісі С.Т. Жуманов деген азаматқа хат түрінде жолдаған (орындаушы: С.Ф. Калдыбаев).
Осылайша, «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры А.Б. Елиясова менің адамдық және азаматтық құқықтарым мен бостандықтарыма елеулі түрде нұқсан келтіріп, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңының 11-бабында көрсетілген дербес деректердiң құпиялылығы туралы талаптарды өрескел түрде бұзған.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғ. Нығыметовтың 2020 жылғы 05 қарашадағы № ЖТ-Ж-860 хатының 3-ші азат жолында:
«Сіздің отбасыңыз комиссияның 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 153 шешімімен квотаға енгізілді. Соның аясында Сізге мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары төленді», - деп жазылған.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғ. Нығыметовтың 2020 жылғы 05 қарашадағы № ЖТ-Ж-860 хатының 3-ші азат жолындағы: «Сізге мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары төленді», - деген мәлімет – шындыққа жанаспайтын жалған мәлімет.
Өйткені, жоғарыда айтылғанындай, «Еңбек» бағдарламасына қатысушы ретінде менің отбасыма тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге екі-ақ рет: 17.09.2020 ж. – 69 450 теңге, 15.10.2020 ж. – 69 450 теңге аударылды.
2020 жылғы 17 тамыз – 04 қазан аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласынан «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатыстым.
Мен «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 2020 жылғы 25 мамыр – 30 қараша аралығында Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдарға 12 (он екі) өтініш, ал Петропавл қаласы әкімінің сайты арқылы 1 (бір) өтініш жолдадым.
Сол хаттарымның біріне ғана тоқталайын.
10.11.2020 ж. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ.І. Ақсақаловтың атына Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғ. Нығыметовтың 2020 жылғы 05 қарашадағы № ЖТ-Ж-860 хатының 3-ші азат жолындағы: «Сізге мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары төленді», - деген мәлімет шындыққа жанаспайтынын және бұл қате мәлімет екені туралы өтініш жолдадым.
Менің бұл өтінішіме 25.11.2020 ж. жолданған Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А. Сақыпкереевтің ресми жауап хатында:
«Ағымдағы жылғы 10 тамызда Петропавл қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына тұрғын үйді жалдау шартын қоса бере отырып, өтініш бергеннен кейін Сізге тұрғын үйді жалдау және коммуналдық төлемдер бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидия төлемдері жүзеге асырылды.
Кейін Петропавл қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы қазіргі уақытта Сіздің «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ ұсынған қызметтік тұрғын үйде тұратындығыңызды анықтады.
Бұл ретте, жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін Адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 48-тармағына сәйкес жалдау шартына сәйкес жалдамалы/қызметтік тұрғын үй берілген жағдайда, тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге материалдық көмек төлеу жүзеге асырылмайды.
Бұдан басқа, ақпараттық жүйелердің деректеріне сәйкес Сіздің тұрақты тіркеу орныңыз ағымдағы жылғы 6 қазанда Нұр-Сұлтан қаласы болып өзгертілді, Петропавл қаласында уақытша тіркелген.
Бұл ретте, Қағидаларға сәйкес Бағдарлама қатысушыларына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген және тұрақты тұруға келген оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген қоныс аударушылар жатады», - деп жазылған.
Осы өтінішіме берілген Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А. Сақыпкереевтің ресми жауабымен мүлдем келіспеймін.
Өйткені, жоғарыда баяндалғанындай, Петропавл қаласы бойынша қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 153 шешімімен 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 12 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі комиссия отырысының хаттамасына сәйкес қабылданған.
Тиісінше, «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры А.Б. Елиясова және «Еңбек» бағдарламасына қатысушы – мен, Жақып Мырзантай Қожабайұлы, «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы әлеуметтік келісімшартқа» 2020 жылғы 21 сәуір күні қол қойылды.
Яғни 2020 жылғы 8-9 сәуірде және 21 сәуірде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен жаңа редакцияда қабылданған «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидалары» қолданыста болған.
Бұл кезде «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларының» 48-тармағында «Жалға алу шартына сәйкес жалдамалы/қызметтік тұрғын үй берілген жағдайда, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар төленбейді», - деген қағида қолданыста болған жоқ.
«Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларының» 48-тармағындағы «Жалға алу шартына сәйкес жалдамалы/қызметтік тұрғын үй берілген жағдайда, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар төленбейді», - деген қағида Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.06.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) бұйрығымен жаңа редакцияда жазылған соң енгізілген.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-ХIII Азматтық кодексінің 4-бабы (Азаматтық заңдардың уақытқа қарай қолданылуы) бойынша: азаматтық заң құжаттарының керi күшi болмайды және өздерi күшiне енгiзiлгеннен кейiн пайда болған қатынастарға қолданылады.
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңының 51-бабының 2-тармағы, 1) тармақшасында ішкі көшіп-қонушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркелуге міндетті екені жазылған.
Алайда, «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі менен және менің отбасымның мүшелерінен Петропавл қаласында тұрақты тіркеуге тұруды талап етті.
«Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі менен және менің отбасымның мүшелерінен Петропавл қаласында тұрақты тіркеуге тұруды талап етуі және «Еңбек» бағдарламасына қатысушы ретінде менің отбасыма тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу қаржысын төлеуді тоқтатып тастауы заңсыз деп есептеймін.
Бұған қоса, 2020 жылғы қазан айының соңында «М. Қозыбаев ат. СҚУ» КЕАҚ басқарма төрағасының – ректордың м.а. Е.М. Исакаев уатсап желісі арқылы университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Н.А. Баимбетовке:
«Нурлан Абишевич, разберитесь! Сделайте запрос в соц. защиту. Если человек действительно имеет арендованную жилую площадь, за которую государство выплачивает средства, то выносите вопрос на жилищную комиссию. Наши сотрудники в очереди годами стоят и не могут получить жилье», - деп тапсырма берген.
Ал «М. Қозыбаев ат. СҚУ» КЕАҚ уатсап желісі арқылы университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Н.А. Баимбетов: «Қарастырамыз!» деп уәде берген.
2020 жылғы 26 қазанда, сағат 14.30-да «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ басқармасы төрағасының – ректорының м.а., бірінші проректор Е.М. Исакаев университеттің тұрғын үй комиссиясының отырысын өткізіп, мені және сенің отбасымды Петропавл қаласы, Пушкин көшесі, 86 мекен-жайындағы №4 жатақхананың №50 бөлмесінен шығару туралы шешім шығарған.
Маған бұл туралы Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ыбыраева Ақмарал Ғосманқызы телефонмен хабарлап айтты.
2020 жылғы 27 қазан күні сағат 15.06-да менің mzhakyp@mail.ru жеке электрондық поштама «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ тұрғын үй комиссиясының төрағасы Е. Искаевтан 26.10.2020 ж. хабарлама келді.
Аталған хабарламада: «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ тұрғын үй комиссиясының 2020 жылғы 26 қазандағы № 114 шешімімен университеттің тұрмыстық қорынан тұрғын үй-жайды (жатақхананы) жалға алу туралы 2020 жылғы 09 қыркүйектегі № 13 келісім-шарттың 5.2 тармағына сәйкес келісім-шарттың бұзылғаны, осы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде барлық бірге тұратын отбасы мүшелерімен бірге Петропавл қаласы, Пушкин көшесі, 86, № 4 жатақхана, 50 пәтер мекен-жайы бойынша тұрғын үй-жайдан шығу қажеттігі жазылған.
Алайда, жатақханадан не үшін шығуым керектігінің себептерін түсіндірмеген.
Осылайша, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі және «М. Қозыбаев ат. СҚУ» КЕАҚ басқарма төрағасының – ректорының м.а. Е.М. Исакаев өздерінің заңсыз іс-әрекеттерімен маған және менің отбасыма өте үлкен моральдық шығын әкеліп отыр.
2020 жылғы 21 сәуір күні қол қойылған «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры А.Б. Елиясова және «Еңбек» бағдарламасына қатысушы – мен, Жақып Мырзантай Қожабайұлы, «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы әлеуметтік келісімшартта» көрсетілген міндеттерді орындаған жоқ.
Атап айтқанда, «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
- бағдарламаға қатысушыға, яғни маған және менің жұбайым Л.Б. Байболатқа Петропавл қаласына тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуына жәрдемдескен жоқ;
- жұмыс беруші болып табылатын «М. Қозыбаев ат. СҚУ» КЕАҚ-да өткізілген бос орындар туралы ақпарат берген жоқ.
Сонымен бірге менің отбасымның қоныс аударушы ретіндегі жоғарыда аталған келісімшартта көзделген мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығымыз бұзылып отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша менің отбасыма он екі ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге 25 АЕК мөлшерінде материалдық көмек берілуі тиіс еді.
Алайда, «Еңбек» бағдарламасына қатысушы ретінде менің отбасыма тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге екі-ақ рет: 17.09.2020 ж. – 69 450 теңге, 15.10.2020 ж. – 69 450 теңге аударылды.
Соның салдарынан «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан «Еңбек» бағдарламасына қатысушы ретінде менің отбасыма тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге екі-ақ рет: 17.09.2020 ж. – 69 450 теңге, 15.10.2020 ж. – 69 450 теңге аударылды.
Қазіргі кезде бұл әлеуметтік көмек түріндегі мемлекеттік қолдау қаражатын төлеуді Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі «М. Қозыбаев ат. СҚУ» КЕАҚ-ның жатақханасынан бір бөлме берілді деген желеумен заңсыз тоқтатылып тасталды.
Сонымен бірге менің және менің отбасымның мүшелерінің «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңының 51-бабының 1-тармағы, 2-2) тармақшасында көрсетілген қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде қоныс аударған жағдайда, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерге уақытша орналастыру орталықтарына бастапқы орналасуға құқығымыз өрескел түрде бұзылды.
Өйткені Петропавл қаласында «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңының 1-бабы, 18) тармақшасында көрсетілген уақытша орналастыру орталығы – этникалық қазақтар мен қоныс аударушылардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің уақытша тұруына арналған тұрғынжай мүлдем жоқ болып шықты.
Осылайша, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңының 53-бабы бойынша қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік қолдау шаралары және әлеуметтік көмек көрсетіледі деген талапты өрескел түрде бұзып отыр.
Сонда бұл Солтүстікке көшіп келген қоныс аударушыларды қолдау ма, әлде қорлау ма?!
Құрметпен, Мырзантай Қожабайұлы Жақып,
«Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Ғылыми-әдістемелік және патенттік-лицензиялық бөлімінің жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты (PhD), қауымдастырылған профессор (of Associate Professor)
Қосымша: Abai.kz ақпараттық порталы еркін ақпарат алаңы. Мұнда ой жарыстырып, пікір алмастыруға әркім құқылы. Жоғарыдағы спикердің пікірі редакция ұстанымын білдірмейді. Алдағы уақытта мақалада есім-сойлары аталған жекелеген азаматтар редакциямызға жауап беруге ниетті болса, олардың да пікірін беруге әзірміз.
Abai.kz