Дүйсенбі, 24 Қараша 2025
Жаңалықтар 28 0 пікір 24 Қараша, 2025 сағат 16:57

Головкин World Boxing ұйымының президенті

Сурет: Ақорда телеграм арнасынан алынды.

Тарихта алғаш рет қазақстандық халықаралық спорт федерациясын басқарады.

Римде өткен Конгресс барысында Геннадий Головкин ресми түрде World Boxing ұйымының президенті болып сайланды. Оның өкілеттілігі үш жылға созылады.

Айта кетейік, World Boxing - 2023 жылдың сәуірінде құрылған халықаралық бокс федерациясы.

2024 жылдың қыркүйегінде Геннадий Головкин ұйымның жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы болды. 2025 жылдың ақпанында Халықаралық Олимпиадалық комитет World Boxing ұйымын уақытша мойындап, оған боксты әлемдік деңгейде басқару құқығын тапсырды.

Ал наурыз айында ХОК бокс спортын 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасының бағдарламасына ресми түрде енгізу туралы шешім қабылдады.

Abai.kz

0 пікір