Жұма, 22 Қараша 2024
2727 1 пікір 28 Желтоқсан, 2020 сағат 13:58

Қандас куәлігін eGovMobile қосымшасынан алуға болады

Енді eGovMobile қосымшасы арқылы зейнеткер және қандас куәліктерін көрсетуге болады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде цифрлық құжаттар жиынтығын кеңейту бойынша жұмыс жүргізді. Енді eGovMobile қосымшасында зейнеткер куәлігі мен қандас куәлігі қолжетімді.

Сервис өзімен бірге құжаттың түпнұсқасы жоқ адамдарға пайдалы болады. Куәлік иесі (зейнеткер немесе қандас) оны талап еткен жері бойынша ұсына немесе телефондағы мессенджерлер арқылы өзінің электрондық құжатын көрсете алады. Сонымен қатар, цифрлық құжаттарда QR-код арқылы ашу мүмкіндігі бар, бұл құжатты сұраған тарапқа оның түпнұсқалығын тексеруге көмектеседі.

«Қазір Қазақстан тұрғындарының көпшілігі қалтадағы смартфонсыз өмірді елестете алмайды, сондықтан цифрлық құжаттарды пайдалану ыңғайлы, өйткені смартфонды әрдайым дерлік өзімізбен бірге алып жүреміз. Өзіңізбен бірге қағаз құжаттарды алып жүрудің қажеті жоқ. Бұл сервис электрондық үкімет арқылы тексерілген», – деп атап өтті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.

Бүгінгі күні сервисте келесі құжаттар да бар: жеке куәлік, некені тіркеу туралы куәлік, білімі туралы диплом, баланың туу туралы куәлігі, студенттік билет және т. б.

«Сондай-ақ, жыл соңына дейін азаматтың әлеуметтік мәртебесін көрсететін әлеуметтік ID бірыңғай цифрлық құжатын іске асыру жоспарлануда. Жақын арада көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құжаттары және басқалары цифрлық форматқа көшіріледі. Уақыт өте келе біз құжаттардың қағаз нұсқаларынан мүлдем қажет болмайды», – деп толықтырды Ербол Оспанов.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3221
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5276