Жұма, 22 Қараша 2024
2721 3 пікір 28 Желтоқсан, 2020 сағат 14:33

Әзербайжан Қарабақтағы позицияларына шабуыл жасалғанын мәлімдеді

Әзербайжан қорғаныс министрлігі армян қарулы тобының Қарабақтағы позицияларға шабуыл жасағанын хабарлады. Әскери ведомство мәліметінше, бір адам қаза тауып, тағы бір адам жарақат алған.

"27 желтоқсанда сағат 15.30-да (астана уақыты бойынша 17.30-да) заңсыз армениялық қарулы топ не аймақта қалған отряд Агдам ауылы бағытына шабуыл жасады. Нәтижесінде Әзербайжан әскери қызметшісі Ганбаров Эльмир Райиль оглу қаза тауып, әскери қызметші Алиев Эмин Сулейман оглу жараланды", - делінген ведомство хабарламасында.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жарақат алған әскери қызметші алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін медициналық мекемеге жеткізілген.

Еске салайық, қыркүйек айының соңында Таулы Қарабақта екі ел арасындағы жанжал қайта өрши түскен болатын. Әзербайжан мен Армения соғысты тоқтату туралы келісімге келді. Одан бөлек, ресейлік бітімгерлер өңірдегі жағдайды бақылауға алған болатын.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279