Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
3660 1 пікір 28 Желтоқсан, 2020 сағат 20:53

Депутаттыққа үміткерлер білім саласы өкілдерімен кездесу өткізді

2020 жылдың 28 желтоқсаны күні Алматы облыстық және Іле аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер білім саласы өкілдерімен ZOOM желісі арқылы кездесу өткізді.

Кездесуде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Қатысушылар тарапынан басқа ұлт өкілдерінен ұсынылған үміткерлерге келешекте мемлекеттік тілді меңгеріп, мемлекеттік тілде сөйлеу ұсынылды. Кездесуде біздің облысымызға ғана тиісті саяжай мәселесі , оның ішінде саяжай оқушыларын мектепке тасымалдау мәселесін көтерді .

Депутаттыққа ұсынылып отырған ең жас үміткер Рақыш Темірлан партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, жастар мәселесін көтерді. Жас үміткерге алдағы уақытта «Дипломмен ауылға» бағдарламасын қайта қарап, толықтыру ұсынылды. Кездесу соңында үміткерлер қатысушыларды 10 қаңтарда болатын сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Фотодерек:

Ескерту: Материалдың ақысы «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Іле аудандық филиалының сайлау қорынан төленді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1036
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2586
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 726
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 686