Жұма, 22 Қараша 2024
2842 0 пікір 29 Желтоқсан, 2020 сағат 15:58

«Бек Эйр» тұтынушыларға билет ақшасын қайтаруы тиіс

Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты ҚР Сауда және интеграция министірлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Бек Эйр» АҚ-ға деген төртінші талап арызын қанағаттандырды. Онда 153 адамның мүддесін қорғау үшін 9,3 млн теңге қаржыны қайтару көзделген.

Комитет қабылдаған шаралар нәтижесінде сот тәртібімен 1678 адамның құқықтары қорғалды. «Бек Эйр» әуекомпаниясы тұтынушыларға 103,3 млн теңге қайтаруы тиіс.

Комитетке күн сайын тұтынушылардың шағымдары келіп түсуіне байланысты бесінші талап сотқа беріледі.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Бек Эйр» АҚ-ға алғашқы екі талабы заңды күшіне енгенін еске саламыз. Заңнама талаптарына сәйкес сот шешімдерін орындауға тек сот орындаушыларына ғана уәкілеттік берілген.

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес атқарушылық іс жүргізу, мерзімдік жазалар туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, сондай-ақ заңнамалық актілерде өзге де орындау мерзімдері белгіленген жағдайларды қоспағанда, ол қозғалған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде аяқталуға тиіс.

Сондықтан тұтынушылар сот шешімдерін орындау бойынша қажетті және уақтылы шаралар қабылдайтын сот орындаушыларына жүгінуге құқылы.

Атқару парағы берілген сот орындаушысы туралы мәліметтерді алу үшін тұтынушылар Алматы қаласының жеке сот орындаушыларының палатасына жүгінуі қажет.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3224
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279