Депутаттыққа үміткер «Есіктен-есікке» акциясын өткізді
Түркістан облысы Келес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Абдиев Диас Нұрланұлы Біртілек ауылдық округі, Еңбекші елді мекенінде «Есіктен-есікке» акциясын өткізді.
Акция барысында үміткер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың 7 басым бағытын таныстырды. Атап айқында: Кәсіпкерлерді қолдау, «Оңтүстік АИО» ЖШС, «Ырыс МҚҰ» ЖШС,«АШҚҚҚ» АҚ-ның ТО филиалы, Аграрлық несие корпорациясы және шағын несие ұйымдары арқылы 1500 жобаны несиелендіруге; жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында бизнесін жаңадан бастау үшін 10 азаматқа грант ұсынуға; «Еңбек» бағдарламасы бойынша жыл сайын 250-ден аса азаматтардың гранттар (100) мен шағын несиелер (150) алуына; «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша 80 жобаны (кәсібін кеңейтуге, қызмет көрсету саласына) жүзеге асыруға; мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Еңбек», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 120-дан аса азаматтарды өз кәсібін ашуға оқытуға партия тарапынан ықпал жасайды.
Бағдарламаның халық үшін тиімді экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын айтып, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.
Ескерту: Материалдың ақысы «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Келес аудандық филиалының сайлау қорынан төленді.
Abai.kz