Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
3638 1 пікір 31 Желтоқсан, 2020 сағат 18:53

«Ауыл» бастамалары ең өзекті мәселелерді шешуге бағытталған

2020 жылдың 31 желтоқсанында Жаңа 2021 жылды мерекелеу қарсаңында "Ауыл" партиясының жастар қанаты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Алмас Мұхаметовтың қатысуымен "Ауыл алға" флешмобын өткізді.

Партияның жас белсенділері Алматы қаласындағы Республика Сарайы алдындағы "Абай" алаңына жиналып, ерекше қойылыммен баршаны келе жатқан Жаңа 2021 жылмен құттықтады.

Іс-шара барысында Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Алмас Мұхаметов жиналғандарға "Ауыл" партиясының сайлауалды бағдарламасында көзделген жастарды қолдау шаралары туралы айтып берді.

Оның айтуынша, "Ауыл" партиясының Жастарды қолдау жөніндегі бастамалары терең және жүйелі өзгерістерді көздейді. Себебі қазіргі ауыл жастарының алдында тұрған негізгі мәселе экономикалық дербестік. Бұған ауылда тұратын жастардың айтарлықтай бөлігінің төмен табысы мен жұмыссыздықтың жоғары деңгейі әсер тетуде. Жастар отбасылық бюджетті қолдаудың қосымша көздерін іздеуге мәжбүр, ал 90% - ында қосымша табыс көздері жоқ. Ол бүгінде ауыл жастарын қолдаудың қосымша тетіктері қажет екенін атап өтті. Партия бұл әлеуметтік және нарықтық сала сияқты ауылдың инфрақұрылымын дамытумен кешенді түрде жүзеге асырылатын шаралар болуы керек деп санайды.

Кандидат атап өткендей, «Ауыл» партиясының бастамалары Жастар үшін ең өзекті мәселелерді шешуге бағытталған. Бұл сапалы ауыз судың тапшылығы, жолдардың жай-күйі, медициналық қызмет көрсету проблемалары, бос уақытты тиімді өткізу мекемелерінің жетіспеуі немесе қол жетімсіздігі, байланыс пен интернет сапасының төмендігі.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036