Депутаттыққа үміткерлер ауыл тұрғындарымен кездесті
25 желтоқсан күні облыстық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар Дәулет Жамалбекұлы Жарасбаев, Талғат Нұрмодаұлы Естібеков, Елдос Жақсылықұлы Үшкемпіров Үңгіртас ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында депутаттыққа үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттап, алдағы бес жылға белгілеген жоспарларын ортаға салды.
Өз кезегінде кандидаттар Үңгіртас ауылына да партия тарапынан атқарылатын істердің қыруар екенін жеткізді. Мәселен, 2023 жылы Үңгіртас ауылына 6,8 шақырым автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары жоспарланса, 2022 жылға дейін ауыл тұрғындары көше жарығына қол жеткізетінін тілге тиек етті.
Сонымен қатар бұл ауылда да өрт сөндіру бекетін салу жоспарда тұрғанын айтты.
Ауылға көңіл бөліп, назардан тыс қалдырмағанына риза болған тұрғындар , «Nur Otan» партиясына алғыс айта отырып, өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, оларға тиісті жауап алды. Жиын соңында кандидаттар ауыл тұрғындарын 10 қаңтарда өтетін сайлауда бірауыздан, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Ескерту: Материалдың ақысы «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Жамбыл аудандық филиалының сайлау қорынан төленді.
Abai.kz