Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3179 1 пікір 8 Қаңтар, 2021 сағат 18:19

Мәслихатқа үміткерлер білім саласы қызметкерлерімен кездесті

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар Нұрлан Ахметжанов, Райхан Жүнісова, Айкен Тілеулинова аудандық Мәдениет үйінде білім саласы қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Білім саласы қызметкерлерімен кездескен кандидаттар «Nur Otan» партиясының Жамбыл ауданы 2025 жылға дейін жоспарлаған жұмыс жоспарымен таныстырып, алдағы уақытта білім саласына партия тарапынан көптеп көңіл бөлініп, жаңа мектептер бой көтеріп, тұрмысы төмен отбасы балаларына көңіл бөлініп, пән кабинеттері түгелдерлік кезең-кезеңімен жабдықталатынын жеткізді.

Жиын барысында ұстаздар қауымы кандидаттарға сұрақ қойып, өздеріне тиісті жауап алған соң бірауыздан «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндіктерін айтты.

Ескерту: Материалдың ақысы «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Жамбыл аудандық филиалының сайлау қорынан төленді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1016
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2559
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 710
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 676