Сайлаушылардың келуі. Ең төменгі көрсеткіш - Алматыда
Бүгінгі Мәжіліс және мәслихаттар сайлауының аяқталуына да әне-міне, аз уақыт қалды. ҚР Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі таратқан ақпараттары бойынша Алматы қаласы еліміз бойынша сайлаушылардың белсенділігі ең төмен немесе ең аз сайлаушылар қатысқан қала болып қалмақ.
ОСК-ның 10:00-дегі ақпараты бойынша, еліміздегі жалпы сайлаушылардың 28,8 пайызы дауыс берсе, Алматы қаласының көрсеткіші 9,7%-ды құраған.
12:00-дегі ақпарат бойынша, жалпы сайлаушылардың 28,8 пайызы дауыс берсе, Алматы қаласының көрсеткіші 15,7%-ды құраған.
14:00-дегі ақпарат бойынша, Қазақстандағы барлық электораттың 43,9 пайызы дауыс берсе, Алматы қаласының көрсеткіші 21,9%-ды құраған.
16:00-дегі ақпарат бойынша, барлық электораттың 52,5 пайызы дауыс берсе, Алматы қаласының көрсеткіші 25,3%-ды құраған.
18:00-дегі ақпарат бойынша, барлық электораттың 58,2 пайызы дауыс берсе, Алматы қаласының көрсеткіші 27,7%-ды құраған.
20:00-дегі ақпарат бойынша, барлық электораттың 63,1 пайызы дауыс берсе, Алматы қаласының көрсеткіші 30,3%-ды құраған.
Осы уақыт бойынша (20:00) Қазақстандағы ең көп сайлаушылар қатысқан өңір – Солтүстік Қазақстан облысы (75,5%).
Abai.kz