Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4556 0 пікір 1 Наурыз, 2012 сағат 12:08

Алаштың Әлиханы

Жыл өткен сайын асыл текті аяулы Әлекеңнің, Әлихан Бөкейханның мемлекет пен ұлт жолында жасаған қызметі жан-жақты зерттеліп, ел бойына сіңісіп, ұлттық саяси танымның дәстүрі қайта бүрлеп келеді.

Алаштың аймаңдай тұлғасының «...Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын» деген қағидасын қарға бойларында қайта тірілтіп, барын ел мен жерге берсек деген мұраттағы тұтас буын қалыптасып келеді. Бұл - Әлихан Нұрмұхаммедұлының бастап берген қасиетті жолы.

Өткен жылы Әлихан Бөкейханның 145 жылдығы аталып өтті. «Нұр Отан» партиясы, Еуразия университеті бірлесіп, халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізді. Алаш ұлттық территориялық автономиясы құрылған 12 желтоқсанда «Abai.kz» ақпараттық порталы Әлихан Бөкейхан атындағы тәуелсіз қоғамдық төсбелгі тағайындап, ұлт қызметі жолында әлінше еңбек етіп келе жатқан 20 азаматқа тапсырды. Төсбелгі бес жылда беріліп тұрмақ.

Осы уақытта Астанада қаласында «Алаш апталығы» іс-шарасы өтті. Бір апта бойы Астананы Алаш рухы тербетті.

Міне, наурыздың 5-і аса аяулы Әлекеңнің, Әлихан Бөкейханның туған күніне де санаулы уақыт қалды.

«Abai.kz» ақпараттық порталы Ұлттың ұлы тұлғасының туған күніне орай, журналист Берік Уәли жетекшілік ететін «Медиа Астана» продюсерлік орталығы түсірген  Әлихан Бөкейхан туралы  «Алаштың Әлиханы» деректі фильмді ұсынып отырмыз.

«Абай-ақпарат»

;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="420">

0 пікір