Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4021 0 пікір 15 Қаңтар, 2021 сағат 14:17

Зейнетақы жинағына қатысты реформаның нәтижесін көретін уақыт келді

2019 жылы зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты бастау алған реформа биыл жүзеге асырылуы керек. Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымындағы Парламент сессиясында сөйлеген сөзіне қатысты «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев осындай пікір білдірді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформалардың үшінші пакетінде айтылған бастамаларды қолға алып, саяси жүйені трансформациялауды жалғастыруда. Ол саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7%-дан 5%-ға төмендету керектігін айтты», - дейді Рахым Ошақбаев.

Оның пайымдауынша, елдің назарында болатын тағы бір маңызды мәселе зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты. Бұл – Мемлекет басшысының басқа реформасы. 2019 жылы бастау алған реформа биыл жүзеге асырылуы керек. Арада бір жарым жыл өтті, енді бұл реформаның қалай жүзеге асатынын, қай жағынан тиімді екенін көреміз. Дәл осы реформа - елдің назарында», - дейді ол.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1098
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2640
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 766
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 733