Мемлекеттік айыптаушы бұрынғы шенеунікті он жылға бас бостандығынан айыруын соттан сұрады. Істегі тағы екі сотталушы — "ТКШ дамыту қоры" компаниясының бұрығны төрағасы Қайсар Байдалы мен ENERCO компаниясының директоры Ерлан Нәбиевті сегіз жылға соттауын сұрады. Прокурорлар сотталушыларды сот залында қамауға алуды ұсынды.
Шкарупа 2014-2017 жылдары Қарағанды облысындағы Сарань қаласын басқарып тұрған уақытта жылуды есептеу құрылғысын орнату кезінде жемқорлық жасаған деп айыпталды. Мемлекеттік айыптаушының мәлімдеуінше, "орталық жылу қазандығы жоқ қалада мұндай құрылғыны орнатудың қажеттілігі болмаған".
Шкарупа бұның алдында тергеу кезінде өзін "азаптағанын" мәлімдеген. Сонымен бірге ол тағылған айыптар жалған дегенді бірнеше мәрте сотта қайталаған.
Прокуратура мәліметі бойынша, сотталушылар бюджеттен 104 миллион теңге ұрлаған.
Бұл іске қатысты сот 2019 жылы желтоқсанда басталды. Шкарупаны 2018 жылы қарашада ұстаған, бірақ былтыр жазда оны үйқамаққа ауыстырған.
Abai.kz