Сенбі, 23 Қараша 2024
3177 4 пікір 18 Қаңтар, 2021 сағат 17:43

Димаш Байденнің инаугурациясын тойлауға қатысты

Димаш Құдайберген АҚШ президенті Джозеф Байденнің инаугурациясын тойлау апталығының ашылу салтанатына қатысты.

Димаш қазақтың «Самалтау» әнін орындады.

Дәстүр бойынша бұл іс-шараны Бауырлас қалалар ассоциациясы – «Sister Cities International» ұйымы өткізеді. Коронавирус пандемиясына байланысты биыл шара онлайн-режимде өтті.

Мерекеде белгілі спикерлер мен орындаушылар сөз сөйледі. Олардың ішінде: губернатор Билл Анабутти, Джозефина Биверс, генерал-майор Армандо Кабада, конгрессмен Элеонора Холмс Нортон, майор Тим Келлер, сенатор Боб Менендез, АҚШ теңіз оркестрі, Кэрол Робертсон Лопез және тағы басқалар бар.

Димаш SCI өкілдеріне шақырғандары үшін алғысын білдірді.

Sister Cities International бас директоры Лерой Аллала өз кезегінде қазақстандық орындаушының шығармашылығы адамдарды, олардың мәдениеті мен тілін біріктіретінін атап өтті. Мұның бәрі Президент Эйзенхауэрдің елдер арасында бейбіт қарым-қатынас орнату туралы көзқарасының ажырамас бөлігі.

Сонымен қатар Димаштың 20 қаңтарда Sister Cities International ресми сайтында тағы бір ән орындауы көрсетілетіндігі жарияланды. Бір аптаға созылатын мерекелердің ортасында DimashNews редакциясы SCI бас директоры Леро Аллалмен кездесуге мүмкіндік берді, оның ұйымы өткізетін салтанатты іс-шара туралы көбірек білуге мүмкіндік алды.

Вашингтонда орналасқан «Sister Cities International» халықаралық үкіметтік емес ұйымының негізін 1953 жылы АҚШ-тың 34-президенті Дуайт Эйзенхауэр қалаған.

70-жылға жуық тарихында «Sister Cities International» АҚШ қалалары және оның 130-дан аса мемлекеттердегі бауырлас қалаларының өзара әрекеттесуіне байланысты көптеген іс-шараларды өткізді.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435