Жұма, 11 Қыркүйек 2026
3962 5 пікір 19 Қаңтар, 2021 сағат 13:14

6 миллион қазақстандыққа вакцина салынады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде жыл соңына дейін 6 миллион адамға вакцина салынатынын айтты, деп хабарлайды tengrinews.kz.

"1 ақпаннан бастап ең алдымен вакцина қажет топқа жататын тұрғындарға коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салуды бастау жоспарланып отыр. (...) Кезең-кезеңмен салынған вакцина нәтижесінде жыл соңына дейін 6 миллионға дейін қазақстандыққа вакцина салу көзделіп отыр", - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 170 мыңнан асты. 154 449 адам емделіп шықты, 2 349 науқас қайтыс болды.

Еске салайық, QazCovid-in қазақстандық вакцинасы 2020 жылдың наурызында әзірленген. Ол - инактив вакцина. Бұл вакцина жануарлардан клиникалық сынақтан өткен. Бұған дейін коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны әзірлеушілер сынақ туралы және бағасын атаған болатын.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1063
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2612
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 741
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 704