Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3897 0 пікір 7 Наурыз, 2012 сағат 07:23

Жамбыл облысындағы “Бөлтірік шешен” ауылын су шайып кетті

Тасқыннан Жамбыл облысының "Бөлтірік шешен" ауылы да зардап шегуде. Еріген қар мен толассыз жауған жаңбыр суы 30 үйді басып қалған. 150 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Олардың 73-і - балалар.

"Бөлтірік шешен" ауылы ойпат жерде орналасқандықтан, мұндай жағдай жылда қайталанады. Арнадан асқан өзен суына жауын-шашын қосылып, сайдағы елді-мекенге жайылып кеткен. Еріген қар суы түгелдей 3 көшені басып қалып, ондағы үйлер адам тұруға жарамасыз боп қалды. Баспанасыз қалғандардың біразы туған-туыстарын жағалап кетті. Үйлерін тастағысы келмегендер мектепті паналап отыр. Ауылдықтар бастапқыда өз күштерімен табиғат апатына төтеп беруге тырысқан. Жағдай ушыға түскенде, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жетіпті. Кешелі бері оқиға орнында 33 арнайы техника жұмыс істеуде.

Владимир Божко, ҚР төтенше жағдайлар министрі:

- Жамбыл облысында бір ауыл су астында қалған. Таудан келген тасқын су, 30 үйді шайып кетті. Бірақ қазір құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы, еліміздің оңтүстігіндегі жағдай қазір біздің жіті бақылауымызда.

kaz.gazeta.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1384
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2965
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1031
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 967