Сенбі, 23 Қараша 2024
3301 11 пікір 22 Қаңтар, 2021 сағат 17:02

«Қоғамдық бақылау мемлекет өмірінің барлық саласында болуы керек»

Алматыда «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы талқыланып жатыр. Жиынға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қатысуда.

Отырысқа қатысқан сарапшылар жаңа заң жобасы туралы өз ойларын ортаға салды.

«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылау қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің жұмысында жаңа кезеңнің ашылуы деп ойлаймын. Министрлік осы бағытта өте пайдалы жұмысты қолға алып отыр. Себебі қоғамдық бірлестіктердің жұмысы әр заңда әртүрлі қаралады. Олардың барлығы бір заң жобасына біріккені дұрыс. Осы тұрғыдан қоғамдық бақылау мемлекеттің өмірінің барлық саласына сыналап енуі тиіс», - деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің деканы Дәулет Байділдинов.

Оның айтуынша, қоғамдық бақылау субьектілеріне тек мемлекеттік орган жатпауы керек. Одан бөлек көптеген коммерциялық құрылымдар бар.

ПИК, құрылыс саласы, банк қызметі барлығы қоғамдық бақылауда болуы тиіс.

«Ең бастысы қоғамдық ұйымдардың пікіріне қатысты мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру көзделген»,- деді ол.

Заңгердің айтуынша, заң жобасын талқылау барлық қоғамдық ұйымдардың қатысуымен өтуі тиіс.

Түпнұсқа: ҚазАқпарат

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5346