Жұма, 22 Қараша 2024
Анық 7624 28 пікір 26 Қаңтар, 2021 сағат 11:38

Навальный билікке келсе не өзгереді?

Міне, бірер күнен бері көрші Ресейдің блогері Алексей Навальный танымалдылығы жөнінен Путиннен кем түспей отыр. Қай елдің де баспсөз бетін бермейді. Әсіресе, күні кешегі 23 қаңтарда оны қолодаған қалың шеру бөтен тақырыптарды ығыстырып тастап, алғашқы орынға шықты.

Бұдан, әрине, қазақ баспасөзі де шет қалған жоқ. Онысы дұрыс та шығар. Қанша дегенмен көршіміздегі осындай үлкен толқулардың бізге әсер етпеуі мүмкін емес. Әсіресе, «Біз бұрынғы Кеңес Одағының ізбасарымыз!», деп көршілеріне ғана емес, алыстағы елдерге де қыр көрсетуді басты бағытына айналдырса.

Міне, осы жерде Навальный құдай сәтін салып, Ресейдің тізгінін қолға алса не болмақ деген сұрақ туындайды. Өзгесін білмеймін. Қазақ елі үшін еш пайдасы жоқ деп есептеймін. «Ойбай, демократ келеді. Әділеттік орнайды» деп алдын-ала бөркін аспанға атып, төбесі көкке елі елі жетпей жүргендерді асықпай, ойланып алуға шақырамын.

Өйткені, біріншіден, Навальный да Путин секілді ұлы орыстық шовинизм ауруына ұшыраған адам. Кезінде Украинадан Қырымды тартып алғанда алдымен алақайлап қуанғандардың бірі осы «демократымыз». Сонда оның  Қап тауындағы халықтарға деген көзқарасы мен Орталық Азиядан келетіндерге шектеу қою туралы ұсыныстары қандай демократияның көрінісіне жатады. Демек, Навальный мемлекет басына келсе, алдымен орыс халқының жағдайын ойлап, Путиннің сол баяғы көршілерінің жеріне көз аларту саясатын жалғастыра беретіндігінек күмәнім жоқ. 

Оған дәлел, анау Қырымды қойғанда Моолдованың Принднестровия, Грузияның Осетия секілді жерлеріне, сол елдің мүдделерін аяққа баса отырып, бөліп алып, оған әскери базасын орнатып, өзгелерге күш көрсеткенде нене үсіз қалды? Не себепті «Оу, бұларың қате болды. Өзге елдің аумақтық тұтастығына қол сұқпайық. Ресейде онсыз да жер жетеді. Тіпті оларды игере де алмай жатырмыз» деп басу айтқандығын естіген кім бар? Содан соң Ресей анау алыста жатқан Сирия, Ливия мен Ирак секілд елдердің ішкі, өзара жанжалына да аралысып кетті. Бұған да былқ еткен жоқ. Бейне бір мұның бәрі ешкімнің қиянат жасалынбай, Ресей мемлекетінің мүддесі үшін істеліп жатқа игілікті істер секілді. Бұдан кейін де оны демократ, өзін ғана емес, өзгелердің де құқықтарын сыйлай білетін саясаткер деп айта аламыз ба? Менің оған аузым бармайды.

Ресейдің Орталық Азия елдерімен жасасқан әртрүрлі экономикалық шарттарынан да ештеңе өзгермейді. Өздерінің қай жағынан да бұлардан күшті екендігін білгендіктен олар қашанда кемсітушілік саясатын ұстанады. Еуроодақ секілді оған мүше елдердің барлығының құқығы бірдей деп еш уақытта есептемейді. Сыртқы саясатта әлгіндей Путиннің сыңарына айналған Навальныйдың біздің еуроазиялық экономикалық одақта аса демократ бола қояды деген ертегіге ешкімді де еліте қоймас.

Егер Навальный басқарған Ресей келешекте орталық Азияға қатысты арандатушылық саясатын жүргізе берсе, оған АҚШ пен Еуропа қарсы шығады деген аңызға да құлақ қою - үлкен қателік. Олар үшін алдымен өз елдеріндегі тыныштық керек. Путиннің басты қателігі міне сол елдердің тыныштығын бұзып, олардың саясатына араласып, олардың мүддесін қамтитын елдердің ішкі ісіне аралаксуы.Тек сол үшін ғана оны орнынан алып тастағысы келеді. Әйтпесе еш уақытта мемлкеттік қызметте істеп ысылмаған, басқару ісінен еш хабары жоқ, жай бір блогерді мемлекет басына әкелуге тырысушылықтың қанша қажеттілігі бар еді?

Нвальныйдың бар білетіні және қолынан келетіні - Ресейді жаппай жайлаған жемқорлыққа қарсы өте шебер әрі тиімді түрде күресе білетіндігі. Өзге дүниеден хабары шамалы. Ал енді осындай адам Ресей секілді алып мемлекеттің басына келгенде не болады? Түйінін тарқатылуы қиын сауал. 

Ал Қазақстан, Өзбекстан секілді елдердің аумақтық тұтастығы басты мәселе емес. Басты мәселе - мұнай мен газ, басқа да қазба байлықтар еш тоқтаусыз өздеріне қарай ағылып тұруы. Сосын өз мүддесінің сол елдерде қашанда үстемдік құруы. Ал осынау «қасиетті іске» қайдағы бір ергежейлі Путин дегеннің қыстырылғысы келеді. Мұндай «еркіндікке» өздерін дүниенің қожасы сезінетін елдер еш уақытта жол берген емес. Жол бермейді де. Бұл ешкім күмән келтірмейтін қатып қалған қағида. Мықты болсаңыз, соны бұзбақ түгілі, күмән келтіріп көріңіз.

Көршімізде болып жатқан аласапыран жайлы өзіндік бір пікір түйгеніміз еді бұл.

Жайберген Болатов

Abai.kz

28 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1443
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3206
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5196